Матч орталығы
«Ордабасы» Украина құрамасының жұлдызын қатарына қосу үшін қыруар қаржы жұмсады
13 қараша, 15:11

Фото: Алексей Гуцуляк
Шымкенттік «Ордабасы» Украина құрамасының вингері Алексей Гуцулякпен келісімшартқа отыру үшін еуропалық клубтардың ұсыныстарынан асып түсті, деп хабарлайды ASnews.kz.
28 жастағы футболшы Қазақстан чемпиондарымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды, алайда бұл трансфері үшін өз отанында жұртшылық тарапынан қатаң сынға ұшырады.
Сенімді дереккөздерден белгілі болғандай, ойыншының еркін агент мәртебесіне қарамастан, футболшы тарапына түрлі төлемдер, оның ішінде сыйақы, көтермеақы және агенттік ақы тиесілі. Беделді германиялық Transfermarkt порталының бағалауына сәйкес, бұл қаражат көлемі екі жылдың ішінде Гуцуляктың нарықтағы құнының үштен бір бөлігіне дейін жетуі мүмкін.
Алексей Гуцуляк – «Карпаты» футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін ол украиналық «Карпаты», «Десна», «Днепр-1» және «Полесье» командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2016 жылы вингер испаниялық «Вильярреал» құрылымында болды. Ойыншы Украина ұлттық құрамасы сапында 2024 жылы дебют жасап, 16 матчта алты гол соқты.
Чемпиондық пен Кубок та көндірмеді: Андрей Мартин «Ордабасыда» не істеп үлгерді
Әлім Динасылов