Матч орталығы
Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін
11 қараша, 20:02

Фото: Влад Рэйляну
«Зимбру» мен Молдова ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Влад Рэйляну мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды ASnews.kz.
Ұлттық құрама сапында өткен жылдың соңында дебют жасаған 23 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы ҚПЛ-дың аты аталмаған клубының назарын аударды. Осы күндері амбициясы жоғары қазақстандық команданың басшылары осы футболшының өкілімен байланысқа шықты.
Молдова суперлигасының биылғы маусымында Влад Рэйляну 14 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Бұған дейін ол жалға алу құқығымен украиналық «Рух» сапында өнер көрсеткен.
Бұдан бөлек, Молдова ұлттық құрамасының ойыншылары Қазақстанды жеңетініне сенім білдірген.
Әлишер Аманжол