Матч орталығы
Молдова – Қазақстан ойынына негізгі құрамдар белгілі болды
13 қараша, 21:02

Фото: Қазақстан ұлттық құрамасы
УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші тур аясында өтетін Молдова мен Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы кездесуге бас бапкерлердің таңдауы белгілі болды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Алаңға алғашқы минуттардан бастап мына футболшылар шығады:
Молдова: Челядник, Ревенко, Бабогло, Йову, Герасименков, Рябчук, Фратя, Рацэ, Перчун, Клещенко, Попеску;
Қазақстан: Покатилов, Әліп, Ерланов, Қасым, Жагоров, Қараман, Әмір, Оразов, Чесноков, Самородов, Мрынский.

Еске сала кетейік, кездесу бүгін Кишиневте өтеді, ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Бесінші тур алдында C3 тобындағы турнирлік кесте мынадай: 10 ұпай жинаған Словакия көш бастап тұр, одан кейін Фарер аралдары мен Молдова (4 ұпайдан) жайғасқан, ал 2 ұпайы бар Қазақстан құрамасы төрттікті қорытындылап тұр.
Биылғы маусымның 2 қазанында Астанада өткен бірінші айналымдағы ойында қазақстандықтар молдовалық командаға 1:2 есебімен күтпеген жерден есе жіберген болатын.
Ахмет Ержанов