Матч орталығы
UFC экс-файтері «Ақтөбенің» жаңа жұлдызын атады: оны 16 жасынан бері дайындап келемін
13 қараша, 11:18

Фото: Марк Богачев және Сергей Морозов
«Ақтөбе» жастар командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы және UFC экс-файтері Сергей Морозов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «ақ-қызылдар» сапындағы дебюттік маусымы қарсаңында Марк Богачевтің өсу қарқынын бағалады.
«Біз Богачевті «Қайраттан» оралғаннан кейін – 16 жасынан бастап дайындай бастадық. «Шахтердегі» чемпиондық маусым оны шыңдады деп ойлаймын. Марик ер жетіп қана қоймай, ойыншы ретінде де толысты. Әлі де жұмыс істейтін тұстар көп, бірақ оның отбасынан жырақта, тәжірибелі футболшылардың жанында болғаны тамаша», – деді Морозов.
Сонымен қатар, ақтөбелік клубтың бұрынғы ойыншысы қазіргі бапкер туралы да пікір білдірді:
«Мен Черевченкомен таныс емеспін, бірақ оның Ресейде белгілі бір белестерді бағындырғанын білемін. Ол өз қызметін сақтап қалады деп үміттенемін, өйткені бапкерге сенім артқан маңызды. Енді Игорь Геннадьевич те жергілікті жастарға сенуі тиіс.
Клубтың ішкі саясатын бақылай отырып, жас ойыншыларды алаңға өте аз уақытқа шығарады деген қорытындыға келдім. Сен Латурнус сияқты 10-15 минут ішінде өзіңді көрсетіп үлгеруің қажет. Бірақ бәріміз әртүрліміз: мұндай тез әрі ерте жастан жарқ етіп ашылу кез келгеннің қолынан келе бермейді», – деп қосты ол.
Еске сала кетейік, БАҚ мәліметінше, 19 жастағы Марк Богачев «Ақтөбенің» негізгі командасымен бірге оқу-жаттығу жиынына аттанады. Өткен маусымды сол қанат қорғаушысы «Шахтер» сапында жалға алу құқығымен өткізіп, 15 матчта алаңға шықты және бір гол соқты.
Әлишер Аманжол