Матч орталығы

Теннис
ЧелленджерЧелленджер Лима
Франко РонкаделлиФранко Ронкаделли
1:1Бас тарту
Франсиско КомесанаФрансиско Комесана
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
ВаленсияВаленсия
102:87Аяқталды
БаварияБавария
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ИталияИталия
3:1Аяқталды
ФранцияФранция
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
Сан-МариноСан-Марино
0:2Аяқталды
БеларусьБеларусь
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
АнглияАнглия
2:1Аяқталды
ХорватияХорватия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ЧехияЧехия
0:2Аяқталды
ИспанияИспания
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
АлбанияАлбания
2:0Аяқталды
ФинляндияФинляндия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ЧерногорияЧерногория
2:1Аяқталды
ЛатвияЛатвия
Хоккей
АҚШНХЛ
БостонБостон
2:5Аяқталды
МонреальМонреаль
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
Сауд АрабиясыСауд Арабиясы
19:30Бүгін
Оңтүстік КореяОңтүстік Корея
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
КатарКатар
19:45Бүгін
АустралияАустралия
Хоккей
РесейКХЛ
СКАСКА
21:30Бүгін
Динамо МинскДинамо Минск
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
МолдоваМолдова
22:00Бүгін
ҚазақстанҚазақстан
Футбол
ФранцияФранция кубогы
ДижонДижон
00:00Ертең
ОрлеанОрлеан
Футбол
ФранцияФранция кубогы
US St. Philbert de GrandlieuUS St. Philbert de Grandlieu
00:00Ертең
Ля РошЛя Рош
Футбол
ФранцияФранция кубогы
CrevillenteCrevillente
00:00Ертең
ВалансьенВалансьен
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
СербияСербия
00:45Ертең
ГерманияГермания
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ШотландияШотландия
00:45Ертең
Солтүстік МакедонияСолтүстік Македония
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
БолгарияБолгария
00:45Ертең
ИсландияИсландия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ЛихтенштейнЛихтенштейн
00:45Ертең
ӘзербайжанӘзербайжан

Марьян Пахарь: өмірбаяны, «Саутгемптон», Латвия құрамасы және «Ақтөбе»

13 қараша, 08:01

Марьян Пахарь: өмірбаяны, «Саутгемптон», Латвия құрамасы және «Ақтөбе»

Фото: Марьян Пахарь

«Саутгемптонның» бұрынғы шабуылшысы Марьян Пахарь «Ақтөбенің» спорттық директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін.

ASnews.kz ағылшын премьер-лигасы тарихындағы тұңғыш латвиялық, Латвия құрамасының экс-бапкері әрі бірнеше жылдан бері ФИФА желісі бойынша Қазақстан футболымен жұмыс істеп жүрген маман туралы толығырақ баяндайды.

Ол кім?

Марьян Пахарь 1976 жылы 5 тамызда Украинаның Чорнобай ауылында латыш отбасында дүниеге келген, қазір ол 50 жаста. Футболмен Ригада айналыса бастаған, кәсіби мансабында ригалық «Сконто», ағылшындық «Саутгемптон» және кипрлік «Анортосис» сапында өнер көрсетті.

«Саутгемптон»: АПЛ-дағы алғашқы латвиялық

«Сконто» сапында Пахарь 85 матчта 44 гол соқты. Оның бұл нәтижесін байқаған «Саутгемптон» 1999 жылдың наурызында футболшыны шамамен 800 мың фунтқа сатып алды. Осылайша ол ағылшын премьер-лигасының тарихындағы тұңғыш латвиялық футболшы атанды.

Дебюттік кезең бірден нәтижелі болды: Пахарь «Эвертонмен» өткен матчта (2:0) дубль жасап, «Саутгемптонның» жоғарғы дивизионындағы орнын сақтап қалуына септігін тигізді. Келесі маусым оның мансабындағы ең үздігі болды – 13 гол.

Ағылшындық клуб үшін ол барлығы 156 матч өткізіп, 45 гол соқты, оның ішінде премьер-лигада – 129 ойын, 42 гол және үш нәтижелі пас. Англияда оны «латвиялық Майкл Оуэн» деп атады. Алайда жарақаттары оның «Саутгемптондағы» мансабын үзді: жарық (грыжа) және тобық ақауларына байланысты 2006 жылы онымен келісімшарт ұзартылмады.

Марьян Пахарь

Пахарь 1999, 2000 және 2001 жылдары қатарынан үш рет Латвияның ең үздік футболшысы деп танылды.

Ұлттық құрама және Еуро-2004

Латвия ұлттық құрамасының сапында Пахарь 1996 жылдан 2007 жылға дейін 75 матч өткізіп, 15 гол соқты. 2001 жылы турнирдің екі ойынында да гол соғып, Балтық Кубогын жеңіп алды.

Оның басты жетістігі – Латвия футболы тарихындағы жалғыз ірі турнир саналатын Еуро-2004. Ұлттық құрама жолдаманы Түркиямен өткен өтпелі матчтарда жеңіп алды, сырт алаңдағы қарымта ойында (2:2) Пахарь матч соңында алаңға шықты. Еуропа чемпионатының өзінде топтық кезеңдегі барлық үш матчта да алмасудан ойынға қосылды.

Қазақстандық жанкүйерлер оны жақсы біледі: 2004 жылдың ақпанында жолдастық кездесуде Пахарь Қазақстан құрамасының қақпасына гол соққан, бұл матчта Латвия 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бапкерлік мансабы

Футболшы мансабын аяқтаған соң, Пахарь «Сконтода» қалды: алдымен чемпион атанған 2010 жылы Александр Старковтың көмекшісі болды, содан кейін 2011 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың желтоқсанына дейін бас бапкер қызметін атқарды. Ригалықтармен бірге ол Балтық лигасы мен Латвия Кубогын жеңіп алды, ал 2012 жылы чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

2013 жылы Латвия жастар құрамасын жаттықтырды, ал сол жылдың 11 шілдесінде негізгі команданы қабылдады. Ұлттық құрама тізгінінде Пахарь төрт жылға жуық уақыт, 2017 жылдың маусымына дейін жұмыс істеді және екі рет – 2014, 2016 жылдары Балтық Кубогын жеңіп алды.

Марьян Пахарь

Кейінірек ол латвиялық «Елгава» (2018–2019) мен италиялық «Сиенаны» жаттықтырды, мұнда 2021 жылдың басында бір айға жетпейтін уақыт жұмыс істеді.

Қазақстанда немен айналысады?

Пахарь Қазақстандағы ФИФА-ның таланттарды дамыту бағдарламасын (FIFA Talent Development Scheme) басқарады және ҚФФ-мен сарапшы ретінде ынтымақтасады. Ол ФИФА академиясы мәртебесін алған Талғардағы ҚФФ академиясына жетекшілік етеді, резерв дайындау әдістемесіне жауап береді және халықаралық стандарттарды енгізуге көмектеседі.

Ол өз рөлін сақтықпен сипаттайды: «Біз мұнда ешкімге ештеңе үйреткіміз келмейді». Ал Қазақстан футболы туралы латвиялық маман былай дейді: «Менің ойымша, Қазақстан – оянып келе жатқан алып». Ол «Қайрат» академиясын басқалар үлгі алуы тиіс көшбасшы деп атайды.

Ол «Ақтөбеге» не үшін керек?

2026 жылғы маусымды клуб 49 ұпаймен бесінші орында аяқтады, ал Кубоктың ширек финалында «Алтайға» пенальти сериясында есе жіберді – команда биыл медальсіз және олжасыз қалды. Осы орайда БАҚ беттерінде 2025 жылдың тамызынан бері жұмыс істеп келе жатқан және биылғы маусым қарсаңында ауқымды трансферлік науқан жүргізген спорттық директор Марат Хайруллиннің қызметінен кетуі мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады.

Еске сала кетейік, Марьян Пахарьдің «Ақтөбенің» спорттық директоры болып тағайындалуы мүмкін екендігі туралы ASnews.kz 11 қарашада хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта клуб кадрлық шешімді ресми түрде жариялаған жоқ.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  13 қараша, 09:47

«ҚПЛ-ға ауыссын»: Молдовада «Зимбру» футболшысының Қазақстанға келу мүмкіндігін бағалады

1
ҚПЛ  13 қараша, 08:01

Марьян Пахарь: өмірбаяны, «Саутгемптон», Латвия құрамасы және «Ақтөбе»

2
Ұлттық құрама  12 қараша, 21:06

Ван 'т Схип – Молдовамен өтетін матч туралы: жеңіске жетуге міндеттіміз

3
Ұлттық құрама  12 қараша, 20:49

Жасұлан Әмір – Молдоваға қарсы ойын жайлы: чемпиондықты тойламадық, бар ойымыз ертеңгі күнде

4
Ұлттық құрама  12 қараша, 20:11

Андрей Мартин: Молдова құрамасы Қазақстаннан басым емес

5
ҚПЛ  12 қараша, 19:45

«Самұрық-Қазына»: тарихы, жетістіктері, спортқа қанша және қайда қаржы құйды, «Астана» ФК, «Барыс», Нұрлан Жақыпов

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25