Матч орталығы

«Қашықтықтардан таңғалдым»: Бьорталид – ҚПЛ қорытындысы мен «Қызылжардағы» болашағы жайлы

5 қараша, 16:10

«Қашықтықтардан таңғалдым»: Бьорталид – ҚПЛ қорытындысы мен «Қызылжардағы» болашағы жайлы

Фото: Йоаннес Бьорталид

Петропавлдық «Қызылжар» мен Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Йоаннес Боярталид ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан премьер-лигасының өткен маусымын қорытындылап, өзінің болашағы туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Өткен маусымға берер баға

«Маусым қалыпты өтті, бірақ толықтай көңілім толмайды. Жыл көтерілулер мен құлдырауларға толы болды: жақсы бастадым, кейін бабым төмендеді, ал соңына қарай қайтадан мықты ойын көрсете алдым. Осы маусымда ең қатты есте қалғаны – өз алаңымызда «Жеңіске» қарсы өткен ойын, онда екі гол соғып, екі нәтижелі пас бердім».

«Қызылжардан» кетеді ме?

«БАҚ – бұл әрқашан қызық, мен де көптеген түрлі сыбыстарды естідім. Қазіргі уақытта шешіміме әсер ететін негізгі факторларды айта алмаймын. Қазақстандағы маусым аяқталған соң, назарымды құраманың алдағы екі матчына толықтай аудардым, содан кейін демалысқа кетемін. Одан кейін ғана қандай қызықты нұсқалар мен ұсыныстар бар екенін қараймын».

Йоаннес Бьорталид

ҚПЛ-дағы басты ерекшелік туралы

«Қашықтықтар мен үшін ең үлкен тосынсый болып, таңғалдырды. Сырт алаңдағы ойындарға ұзақ сапарлар бейімделуді талап етті. Футболдық жағына келсек – бұл қарқындылық. Қазақстандағы дерлік барлық команда жоғары прессинг қолданады және өте мықты ойнайды. Алаңда доппен шешім қабылдауға уақыт аз, үнемі допқа таласып, аяқтан соққы аласың».

Ұлттық құрамаға ұзақ сапарлар 

«Бұл шынымен де маңызды фактор. Сапарлап, ұшу өте көп. Қиын болды, бірақ жалпы бұл қалыпты үрдіс – кәсіпқой футболшының өмірі осындай, бұны қабылдап, барынша нәтиже шығаруға тырысу керек. Қызылжар қаласынан Фарер аралдарына дейінгі жол шамамен 28–30 сағатты алады. Бұл өте ауыр жол, одан кейін толық қалпына келу үшін 2–3 күн қажет», – деп түйіндеді шабуылшы.

Айта кетейік, өткен маусымда 30 жастағы Бьорталид «Қызылжар» сапында барлық турнирлерде 29 матч өткізіп, өзінің еншісіне төрт гол мен жеті нәтижелі пас жазды, ал оның командасы ҚПЛ-да оныншы орынға тұрақтады. 

Ұлттар лигасының K тобында Фарер аралдары құрамасы төрт ұпаймен Молдовамен 2–3 орындарды бөлісіп тұр, көшбасшы Словакияға (10 ұпай) жол беріп, Қазақстаннан (екі ұпай) озып келеді. 13 қарашада Фарерлер сырт алаңда словактармен ойнайды, ал 16 қарашада Молдованы қабылдайды.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  6 қараша, 17:00

РПЛ топ-клубымен жолдастық кездесу: «Тобылдың» ОЖЖ-ға жоспары белгілі болды

1
Еурокубоктар  6 қараша, 14:21

Италиялық комментатор «Аталантаның» «Қайратқа» қарсы ойындағы сәтсіздігінің себебін атады

2
Еурокубоктар  6 қараша, 12:39

Мата – «Аталантаға» қарсы ойын нәтижесі туралы: Еуропада да бізбен санасады

3
Еурокубоктар  6 қараша, 10:29

Екеуі де алғашқы бестікте: Покатилов пен Анарбеков – еурокубоктегі үздік қақпашылардың қатарында

4
Еурокубоктар  6 қараша, 08:29

«Болмайтын гол жіберіп алдық»: Тапалов – «Аталантамен» өткен тең ойын туралы

5
Еурокубоктар  6 қараша, 02:19

Юккола – «Аталантамен» тең ойын туралы: бұл нәтижеге лайықпыз

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25