Матч орталығы
Италиялық комментатор «Аталантаның» «Қайратқа» қарсы ойындағы сәтсіздігінің себебін атады
6 қараша, 14:21

Фото: «Аталанта»—«Қайрат»
Италиялық футбол комментаторы Паоло Паккьони RTL 102.5 радиостанциясының эфирінде Конференция лигасы жалпы кезеңінің үшінші туры аясындағы бергамолық «Аталанта» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матчтың (1:1) нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Аталантада» салмақты сылтау бар – құрамдағы көптеген жарақаттар. Бірақ мұндай жағдайдың өзінде команда бұдан да жақсы ойнай алар еді. Бергамаскіліктер көңіл-күйлерін көтеріп, турнирлік жағдайын түзеу үшін жеңіске жеткісі келді... Дегенмен «Қайратпен» өз алаңындағы тең ойынды қанағат етті», – деді сарапшы.
Айта кетейік, Конференция лигасы 2026/27 маусымының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясындағы «Аталанта» – «Қайрат» матчы 5 қарашада Бергамода өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Алматылық клуб сапында 53-минутта Марк Гуаль есеп ашса, бергамаскіліктерден 82-минутта Никола Крстович мергендік танытты. Еурокубоктық турнирдегі келесі матчын «Қайрат» 26 қарашада өз алаңында швециялық «Мьёльбюге» қарсы өткізеді.
Ахмет Ержанов