Матч орталығы
Йонсен – «Бенфикаға» ауыса алмағаны туралы: ақылға сыймайтын кезең еді
3 қараша, 14:01

Фото: Бьорн Йонсен
«Ордабасының» норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен ASnews.kz сайтына берген сұхбатында португалиялық «Атлетикода» өнер көрсетіп жүргенде, 2014 жылы лиссабондық «Бенфикаға» ауысуы қалай іске аспай қалғанын еске алды.
«Бұл менің өмірімдегі өте ессіз кезең болды. Мен «Бенфика» немесе «Спортингте» ойнамасам да, Лиссабондағы ең танымал адамдардың бірі едім. Үлкен қысым сезілді: адамдар неге осы клубтардың біріне ауыспайтынымды үнемі сұрайтын. Ұлттық құрамалар матчына берілген үзілісте, олар маған қарасын деп, тіпті «Спортингке» қарсы бақылау кездесуін де өткіздік, ал кейін мен «Бенфика» президентімен жеке кездестім. Жоспар бойынша, олар мені қаңтарда сатып алып, «Белененсешке» жалға жіберуі керек еді. Бірақ біздің клубтың қытайлық иесі көбірек ақша сұрап, бұл жағдайды пайдаланып қалғысы келді», – деді Йонсен.
Шабуылшының айтуынша, сол сәтте іске аспай қалған ауысу ол үшін ауыр соққы болды, бірақ уақыт өте келе бұл жағдайға басқаша қарай бастаған.
«Ол кезде жас едім, футбол саласының қалай құрылғанын, бизнестің қалай жұмыс істейтінін және агенттердің клубқа қалай қысым жасай алатынын мүлде түсінбейтінмін. Әрине, бұл өте өкінішті болды, бәлкім үлкен мүмкіндікті жіберіп алған болармын. Бірақ футболда карма бар, бәрі айналып келеді. Қорытындысында мен бәрібір кәсіпқой футболшы атандым және Норвегия ұлттық құрамасына шақырту алдым. Бәлкім, «Бенфикада» бұрынырақ ойнағанымда, мансабым басқаша өрбитін ме еді, бірақ мен өз жолыма ризамын. Әр нәрсе тегіннен-тегін болмайды», – деп қосты футболшы.
Айта кетейік, 2026 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша Бьорн Йонсен «Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионы атанды және турнирдің үш басты жеке марапатын иеленді: ол маусымның үздік ойыншысы, үздік шабуылшысы және чемпионат ортасында ғана шымкенттіктер қатарына қосылғанына қарамастан, 14 голмен ҚПЛ-2026 маусымының үздік сұрмергені атанды.
Ахмет Ержанов