Матч орталығы
«Елімай» Қазақстан құрамасының ойыншысынан айырылып қалуы мүмкін
3 қараша, 11:07

Фото: Арсен Әшірбек
Семейлік «Елімайдың» оң қаптал қорғаушысы Арсен Әшірбек клубтан кетуге жақын, деп хабарлайды ASnews.kz.
23 жастағы футболшының келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Өткен маусымда Әшірбек барлық турнирлерде 30 матч өткізіп, үш гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. Бұған дейін БАҚ-та ойыншыға «Ақтөбе» тарапынан қызығушылық бар екені хабарланған болатын.
Айта кетейік, қорғаушы «Елімай» сапына 2026 жылдың басында көкшетаулық «Оқжетпестен» ауысып келді, ал оған дейін өзі туып-өскен өңірдің «Тараз» клубында өнер көрсетті. Футболшының еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген алты матч бар.
Әлім Динасылов