Матч орталығы
«Жылдам соғылған гол бізді еркінсітті»: «Оқжетпес» қорғаушысы «Каспийді» жеңгені туралы
26 қазан, 10:01

Фото: Иван Кузьмичев
Көкшетаулық «Оқжетпестің» ресейлік қорғаушысы Иван Кузьмичев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың 29-турындағы командасының сенімді жеңісіне (3:0) қатысты пікір білдіріп, маусымдағы үйдегі соңғы ойыннан алған әсерімен бөлісті.
«Матчқа әдеттегідей дайындалдым. Бұл ойынның маңыздылығын бәрі түсінді және командадағы барлық жігіттердің жеңіске деген құлшынысы байқалды. Жылдам соғылған гол бізді сәл еркінсітіп, тағы да гол соға алатынымызға сенімділік берді деп ойлаймын. Әрине, бәріміз нәтижеге қуандық. Ойынның қаншалықты маңызды екенін түсіндік, сондықтан өз жанкүйерлерімізді үйдегі соңғы кездесуде қуанту үшін міндетті түрде жеңіске жетуіміз керек болды», – деп атап өтті Кузьмичев.
Чемпионаттың қорытынды 30-турында көкшетаулықтар семейлік «Елімайға» қарсы ойнайды. Қорғаушы бұл кездесуге деген дайындық өте жоғары деңгейде болатынын баса айтты:
«Команда «Елімайға» қарсы ойынға маусымдағы кез келген басқа матчқа дайындалғандай тыңғылықты дайындалатынына сенімдімін».
Иван Кузьмичев, Владислав Васильев және Еркебұлан Нұрғалиевтың соққан голдарының арқасында «Каспийді» ойсырата жеңіп, сондай-ақ «Ақтөбе» мен «Қайрат» матчының тең аяқталуына (2:2) байланысты «Оқжетпес» 51 ұпай жинады. Команда чемпионат қорытындысы бойынша кем дегенде төртінші орынға кепілдік алды, себебі олардан кейін келе жатқан «Ақтөбе» (46 ұпай) көкшетаулықтарды қуып жетудің математикалық мүмкіндігінен айырылды.
Егер 7 қарашада өтетін Қазақстан Кубогының финалында шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» жеңетін болса, «Оқжетпес» 2027/28 маусымындағы УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсету құқығына ие болады.
Иван Кузьмичевтің өзі Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында «Оқжетпестің» негізгі ойыншыларының бірі саналады: 26 жастағы қорғаушы 29 турдың тек бір матчын ғана өткізіп алып, өз еншісіне екі гол мен екі нәтижелі пас жазды.
«Ақтөбеге» қатаң санкциялар қаупі төніп тұр ма? Оспановпен арадағы жанжалдың мән-жайы
Әлім Динасылов