Матч орталығы

«Бұл Еуропада да бар»: блогер «Тобылды» ынталандырған «Ордабасыны» ақтап алды

15 қыркүйек, 08:01

«Бұл Еуропада да бар»: блогер «Тобылды» ынталандырған «Ордабасыны» ақтап алды

Белгілі қазақстандық футбол блогері Әлімжан Тасболатұлы шымкенттік «Ордабасының» алматылық «Қайратты» жеңгені үшін «Тобыл» ойыншыларына берген ақшалай сыйақысына қатысты ASnews.kz сайтының шулы инсайды туралы өз пікірін білдірді.

Автордың пікірінше, үшінші командаларды көтермелеу тәжірибесі тіпті жетекші еуропалық чемпионаттар үшін де қалыпты құбылыс.

«Ордабасы» футбол клубы жақсылап бір «Тобылға» қаржылай мотивация берген екен. Қомақты сома сыйақы таратады деген ақпарат болды. Бұл – қалыпты жағдай. Тіпті Еуропада да болып тұратын жағдай. Бұны естіп кей жанкүйерлер «Ордабасыны» кінәлауы мүмкін, бірақ мен кінәлай алмаймын. Естеріңізде болса, дортмундтық «Боруссия» осыдан бірер жыл бұрын чемпион болғалы жатқанда, «Бавария» олардың қарсыластарына осындай уәде берген: «Боруссиядан» ұпай алып қалсаңдар, біз сіздерге сыйақы береміз». «Баварияның» өзі осындай дүние жасап жатқанда, жалпы футболда бұл қалыпты нәрсе. Былай жасауға болмайды деп еш жерде жазылмаған», – деп санайды Тасболатұлы.

Блогер әділетсіз ойын мен турнирлік кестедегі бәсекелестердің қарсыластарын қаржылай ынталандырудың аражігін ажырата білу маңызды екенін атап өтті.

«Бастысы – тікелей қарсыласыңызды сатып алмасаңыз болды. Ал бәсекелесіңіздің қарсыласын ынталандыруға болады. Бұл сатып алу емес, жай ғана «сыйлық», – деп қорытындылады ол Alim Live подкастында.

Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың 26-турында «Тобыл» Алматыда «Қайратты» 4:1 есебімен сенсациялық түрде тас-талқан етті. Кездесу қарсаңында «Ордабасы» басшылығы алматылық клубтан ұпай тартып алған жағдайда қостанайлықтарға қомақты ақшалай бонус уәде еткені хабарланған болатын.

Нәтижесінде бәсекелесінің сүрінуі шымкенттік «Ордабасыға» (58 ұпай) «Астананы» жеңгеннен кейін чемпионаттағы көшбасшылықты қайтарып алуға мүмкіндік берді. «Қайрат» (57 ұпай) екінші сатыға төмендеді.

«Қолдарына допинг салып берген жоқ қой»: комментатор «Ордабасының» «Тобылды» ынталандыруы туралы

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  30 қазан, 20:41

«Қызайбаев сөзіне абай болуы керек»: эксперт «Ордабасы» басшысын ақтөбеліктер туралы айтқан сөзі үшін сынға алды

1
ҚПЛ  30 қазан, 20:30

«Оқжетпестің» қаһарманы және «жарақаттана беретін» «Ақтөбе» қорғаушысы: ҚПЛ-дың ең бағаланбағай қалған ойыншылары

2
ҚПЛ  30 қазан, 19:47

«Жеңіс»—«Қайсар» матчы букмекерлік кеңселердің желісінен алынып тасталды

3
ҚПЛ  30 қазан, 17:58

«Елімай» шабуылшысы клубын ауыстыруы мүмкін

4
ҚПЛ  30 қазан, 15:12

Букмекерлік кеңселер «Ұлытау» – «Атырау» матчын тізімнен алып тастады

5
ҚПЛ  30 қазан, 12:41

ҚПЛ клубының функционерлері атышулы айыптаудан кейін БАҚ сұрақтарына жауап беруден бас тартты

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25