Матч орталығы
«Қайрат» шабуылшысы А Сериясы клубына ауысуы мүмкін: толық мәлімет
24 тамыз, 17:55

Фото: Дәулет Орынбасар
«Қайрат» академиясының 17 жастағы шабуылшысы Дәулет Орынбасар италиялық «Комо» клубының назарына ілікті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Алматылық ұжымның вингері италиялық клубтың назарындағы футболшылардың кеңейтілген тізіміне енді. Бірнеше ай бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы туралы анықтаманы бельгиялық скаут Тис Хойбергс дайындаған болатын.
«Комо» маманы алматылық футболшының гол соғу қабілеті мен икемділігіне жоғары баға берген. Дегенмен, бойының аласалығын (163 см) оның дене бітіміндегі кемшілік ретінде атап өткен. Мәселе клубтың жастар командасына ауысуы жайында болып отыр.
Бірнеше күн бұрын Дәулет Орынбасар бірінші лиганың 19-турында «Тұранға» қарсы ойында (4:0) алаңға қосалқы құрамнан шығып, «Қайрат-Жастар» сапындағы алғашқы голын соқты.
Бұған дейін жас шабуылшыға Оңтүстік-Шығыс Азия клубтары да қызығушылық білдірген болатын.
Әлишер Аманжол