Танымал сарапшы «Ертісті» жерден алып, жерге салды: мұндай тіпті әуесқойлар арасында да жоқ

19 тамыз, 20:33

Танымал сарапшы «Ертісті» жерден алып, жерге салды: мұндай тіпті әуесқойлар арасында да жоқ

Фото: «Ертіс»

Танымал қазақстандық журналист Артем Буланов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында павлодарлық «Ертістің» дағдарысы туралы айтып берді.

Алаңның жағдайы

«Мен агроном емеспін, бірақ футболшылардың газонның жағдайына көңілі толмайтынын білемін. Онда резеңке түйіршіктері тым көп, ал дренаж жүйесі жаңбыр суын өткізе алмайды. Бұдан бөлек, «Жеңіске» қарсы матчтан (0:1) кейін суару жүйесіне қатысты да шағымдарды естідік. Алаң батпаққа айналып, футболшылардың қозғалысын баяулатты.

Бұл 2026 жылы орын алып отыр. Франциядан әкелінген қымбат көгал. Бәлкім, жабынның өзі сапалы шығар, бірақ жауапты мамандарға сұрақ туындайды: Төсеніш пен резеңке түйіршіктер дұрыс төселді ме? Негізгі мәселе – білікті мамандардың тапшылығында», – деді Буланов.

Тұрақтылықтың жоқтығы мен киім ауыстыратын бөлмедегі көшбасшының тапшылығы

«20-дан сәл ғана асатын ойын ішінде төртінші бапкерді ауыстыру – бұл тым артық. Нақты міндеттері бар командада мұндай болмауы тиіс. Бұндай жағдайды тіпті әуесқойлар деңгейінде де, компьютерлік симуляторда да кездестірмейсің. Клубта шешімді кім қабылдайды? Құрамды кім анықтайды? Сырттағы адамдар емес пе?

Бірде-бір бапкер ештеңені ретке келтіріп үлгермейді және олардың ресми салмағы бар-жоғы түсініксіз. Осындай жағдайда оларға тіпті жаның ашиды – нәтиже талап ету ақылға сыймайды. Бар үміт – жаңа бапкер тағайындалғаннан кейін футболшылардың бар күшін салатынында.

Егер «Ертіс» қалған тоғыз матчтың үшеуінде не төртінде жеңіске жетсе – бұл жақсы нәтиже. Онда, сірә, жоғарғы дивизионда қалады. Дегенмен, басты қателік маусымаралық үзілісте жіберілді. Тандау дұрыс маманға түспеді және құрам дәл соның ыңғайына қарай жиналды», – деп атап өтті сарапшы.

Дерек: Беларусьтік Кирилл Альшевскийден кейін павлодарлықтарды Нұрбол Жұмасқалиев та басқарған болатын.

«Екінші жағынан, оған да карт-бланш берілген жоқ. Оған белгілі бір қысым болғанын жоққа шығармаймын. Бұған қоса, ұжымды ширатып, серпіліс беретін басты көшбасшы табылмады. Мен жаттығуларды бақылап жүрмін: олар әзілдеседі, бір-бірін қолдайды, бірақ мұнда Исламбек Қуат сияқты ойыншы жоқ», – деп қосты ол.

Команда бірінші лигаға түсіп қала ма?

«Менің болжамым — «Ертістің» ұшып кетуіне жол бермейді. «Каспиймен» болған ойынды еске түсіріңіздерші (3:2). Павлодар – инфрақұрылымы, тарихы мен жанкүйерлері бар ғажайып қала. Бұл аймақ премьер-лигаға қажет, сондықтан таңғажайып нәтижелердің болатынын жоққа шығармаймын. Бұл – футболмен айналысатын мыңдаған балалар үшін де дұрыс шешім», – деп түйіндеді сөзін сарапшы.

48 жастағы Марат Еслямов «Ертістің» бас бапкері қызметінен кетті. Чемпионаттың 16-командасын «Каспийдің» қазіргі бапкері Ерлан Шойтымов қабылдайды деп күтілуде.

Артем Буланов – Altyn Adam Sport Marketing нұсқасы бойынша 2025 жылдың елдегі ең үздік спорт журналисі.

Желтоқсан оқиғасын, Тоқаевты, Қазақстан құрамасын және «Қайратты» таспаға тартқан фотограф Юрий Беккер өмірден өтті

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  19 қараша, 21:20

Қазақстан құрамасының бапкерлігіне үміткер болған маман Катарға тағайындалуға жақын

1
ҚПЛ  19 қараша, 20:10

«Ертісте» жарты жыл бойы жалақы төлемеді»: Мұртазаев ҚПЛ-дегі қарыздар туралы айтты

2
ҚПЛ  19 қараша, 20:00

Роман Мұртазаев | «Елімайдағы» ойын, құрама мәселелері және қазақстандық футболдағы жалақы кешігуі

3
ҚПЛ  19 қараша, 18:22

«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

4
Ұлттық құрама  19 қараша, 16:07

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер белгілі болды

5
Халықаралық футбол  19 қараша, 14:18

Михаил Мудрик сәтсіз тапсырған допинг-тесті үшін Украина құрамасын айыптады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25