Матч орталығы

Теннис
ATPШанхай мужчины
Тимофей СкатовТимофей Скатов
2:0Аяқталды
Стефанос СакелларидисСтефанос Сакелларидис
Теннис
ATPШанхай мужчины
Александр ШевченкоАлександр Шевченко
0:2Аяқталды
Есихито НисиокаЕсихито Нисиока
Теннис
ATPПекин мужчины
Новак ДжоковичНовак Джокович
16:20Бүгін
Даниил МедведевДаниил Медведев
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
УгандаУганда
1:1Аяқталды
Конго ДРКонго ДР
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
КипрКипр
21:00Бүгін
ЛатвияЛатвия
Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
21:30Бүгін
ЛокомотивЛокомотив
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
УкраинаУкраина
23:45Бүгін
ВенгрияВенгрия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ФранцияФранция
23:45Бүгін
БельгияБельгия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
Солтүстік ИрландияСолтүстік Ирландия
23:45Бүгін
ГрузияГрузия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
Босния және ГерцеговинаБосния және Герцеговина
23:45Бүгін
ПольшаПольша
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
РумынияРумыния
23:45Бүгін
ШвецияШвеция
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ЧерногорияЧерногория
23:45Бүгін
АрменияАрмения
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ИталияИталия
23:45Бүгін
ТүркияТүркия
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ЛихтенштейнЛихтенштейн
23:45Бүгін
ГибралтарГибралтар
Теннис
WTAСучжоу женщины
Юлия ПутинцеваЮлия Путинцева
07:00Ертең
Юшань ШаоЮшань Шао
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
Оңтүстік КореяОңтүстік Корея
16:00Ертең
ӨзбекстанӨзбекстан
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ҮндістанҮндістан
19:00Ертең
УругвайУругвай
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ҚазақстанҚазақстан
19:00Ертең
Фарерские аралдарыФарерские аралдары
Футбол
ЕуропаЕуропа чемпионаты U21, іріктеу
Молдова U21Молдова U21
19:00Ертең
Қазақстан U21Қазақстан U21
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
РесейРесей
21:00Ертең
НигерияНигерия

Желтоқсан оқиғасын, Тоқаевты, Қазақстан құрамасын және «Қайратты» таспаға тартқан фотограф Юрий Беккер өмірден өтті

19 тамыз, 17:58

Желтоқсан оқиғасын, Тоқаевты, Қазақстан құрамасын және «Қайратты» таспаға тартқан фотограф Юрий Беккер өмірден өтті

Фото: Юрий Беккер

2026 жылдың 19 тамызында Қазақстанның ең танымал фототілшілерінің бірі Юрий Зельманович Беккер 68 жасқа қараған шағында кенеттен дүниеден озды.

Жарты ғасырлық мансап, Желтоқсан қаһармандарының сотында болған жалғыз фотограф және қазақстандық спорттың ондаған жылдық тарихын объективке түсірген тұлға. ASnews.kz оның өмір жолын еске алады.

Юрий Беккер деген кім?

1958 жылы 31 қазанда Алматыда дүниеге келген. Фотоөнерге мектеп кезінде әуестенді – алғашқы фотоаппаратын апасы Полина сыйласа, әкесі бұл әуестіктің салмақты екенін көріп, сурет шығаруға қажетті құрылғылар мен үлкейткіш алып берді.

Қазақ КСР-ының жалғыз ақпараттық агенттігі – ҚазТАГ-қа ол 1975 жылы кездейсоқ тап болды: әкесі дүкенде агенттіктегі танысын кездестіріп, ұлы туралы айтқан. Кейін Беккер ҚазҰУ-дың журналистика факультетін аяқтады.

Оның тәлімгері елдің тұңғыш президентінің жеке фотографы Иосиф Будневич болды.

Кәсіби жолы: ҚазТАГ (1975–1987), «Союзторгреклама», «Медеу» спорт кешенінің фотографы (1990–1995), қайтадан ҚазТАГ, «Огни Алатау» (1997–2003) және 2003 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін – «Казахстанская правда».

Мансапқа балта шапқан тарихи сурет

Оның өміріндегі ең басты жұмыс 1987 жылы жасалды. Қайрат Рысқұлбеков пен желтоқсан оқиғасына қатысқан басқа да азаматтарға жүргізілген жабық сотқа Беккерден басқа бірде-бір журналист жіберілмеді. Бұған кездейсоқтық себеп болды: ол қарсаңда өзге бір сот процесін түсірген еді, прокурор оны танып қалды.

Қайрат Рысқұлбеков және басқа да желтоқсаншылар (Юрий Беккердің суреті)

Сурет ТАСС агенттігіне кетіп, бүкіл әлемге тарады. Оның фотолары бар «Қазақстандағы демократия» мақаласы немістің Bild басылымында жарық көрді – неміс маркасымен гонорар жіберілгенімен, ол автордың қолына жетпеді.

Осыдан кейін үлкен шу басталды. Геннадий Колбин фотодағы сотталушылардың басын тік ұстап тұрғанына, ал судьяның үкімді үстелге қарап оқып отырғанына қатты ашуланды. Орталық Комитеттің арнайы пленумы шақырылып, фото «советке қарсы» деп танылды. ҚазТАГ директоры, шығарушы редактор, Беккердің өзі және осы суретті басып шығарған үш газеттің бас редакторлары жұмыстан қуылды. Барлық архивтердегі негативтер мен клишелер жойылды – тек газеттегі қиынды ғана аман қалды.

Арада 35 жыл өткенде Беккер осы тарихтың жалғасын түсірді: соңғы суретте сотта тұрған сол адамдар Алматыдағы Желтоқсан монументінің жанында дәл сондай реттілікпен орналасты. Ал қаза тапқан Рысқұлбековтің орнына оның портреті қойылды.

Спорт және футбол

Спорт оның бөлек құштарлығы болды – ол бала жасынан спортпен айналысып, оны өмір бойы таспаға тартты.

1996 жылдың маусымында «Динамо» стадионында Беккер бір кадр жасады, оның құндылығын арада жылдар өткенде ғана түсінді: ҚР СІМ құрамасы Еуропа Одағы дипломаттарына қарсы ойнады, ал біздің команданы алаңға капитан ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев бастап шықты.

«Ол күн мен үшін өте қарбалас болды, бір уақытта бірнеше шараға үлгеруім керек еді. Мен стадионға бір минутқа соғып, матчқа қатысушылардан бірге жиналуды өтіндім. Бірнеше кадр жасап, басқа түсірілімге асығып кеттім. Эх, егер бұл футбол матчына Қазақстанның болашақ президенті қатысып жатқанын білгенімде, барлық шаруаны ысырып қойып, тарих үшін максималды түрде түсірер едім», – деп еске алған еді ол.

Юрий Беккердің Тоқаевты түсірген суреті

Оның объективіне 2003 жылғы Қазақстан кубогының финалы да ілікті (онда Златко Крмпотич баптаған «Қайрат» «Жеңісті» 3:1 есебімен ұтып, төртінші кубогын алған), сондай-ақ алматылықтардың Чемпиондар лигасындағы соңғы маусымдарға дейінгі матчтары, соның ішінде 2025 жылғы мадридтік «Реалға» қарсы ойыны да кірді.

«Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын Юрий Беккердің көзімен

Ол бес онжылдық бойы «Медеудегі» конькишілерден бастап еурокубоктерге дейінгі қазақстандық спортты түсірді.

Мойындалуы мен марапаттары

Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Журналистер одағының мүшесі.

Пандемия кезіндегі еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен және бүкіл өмір жолы үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Әр мерейтойына орай Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде жеке көрмелері өтіп тұрды. Өмірінің соңғы төрт жылында ол жеке архивін мерзімдері бойынша сұрыптап, цифрландырумен айналысты.

Жұбайы Иринамен бірге Станислав пен Роман есімді екі ұл өсіріп, тәрбиеледі. Виктория, София және Михаэль есімді үш немересі бар.

«Өткенге көз жібере отырып, өзімді өз өмірлік жолын таба алған бақытты адаммын деп есептеймін», – деген еді ол соңғы сұхбаттарының бірінде.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Юрий Зельмановичтің отбасы мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтты. 2025 жылы ол кәсіби қызметінің 50 жылдығын атап өтіп, өмірінің соңғы күндеріне дейін редакцияда еңбек етуді тоқтатпады.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  5 қазан, 20:27

«Тосын сый болған жоқ»: «Бернли» бапкері – маусым басындағы қиыншылықтар туралы

1
Ұлттық құрама  5 қазан, 18:36

«Қызылжардың» фарерлік ойыншысы: Астанада Қазақстанға қарсы ойнау – ерекше оқиға

2
Ұлттық құрама  5 қазан, 18:32

Фарердың бас бапкері – Қазақстанға қарсы ойын туралы: жеңіс не тең ойынға көнеміз

3
Ұлттық құрама  5 қазан, 17:00

Ван ’т Схип – Фарерге қарсы ойын туралы: жауапкершілікті өз мойныма аламын, ел үшін күресеміз

4
Ұлттық құрама  5 қазан, 16:56

Қазақстан құрамасының қорғаушысы: Молдоваға қарсы агрессивті футбол жетіспеді

5
Ұлттық құрама  5 қазан, 15:47

ҚФФ экс-басшысы Молдовадан жеңілу туралы: ойыншылардың жанкештілігіне сұрақ жоқ

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22