Сыйақылар, көлік және PlayStation: ҚПЛ бапкері Еуропада дауға қалды

29 шілде, 13:46

Сыйақылар, көлік және PlayStation: ҚПЛ бапкері Еуропада дауға қалды

Фото: Владимир Чебурин

«Жальгирис» басшылығы қазіргі «Атыраудың» бас бапкері Владимир Чебуриннің есімі аталатын аудит нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ASnews.kz Žmonės.lt басылымына сілтеме жасап.

Вильнюстік «Жальгиристің» жаңа басшылығы клубтың 2021–2025 жылдардағы – оны іс жүзінде көпжылдық директор Вильма Венсловайтене басқарған кезеңдегі қызметінің аудит нәтижелерін ұсынды.

«Аудит 2021–2025 жылдары бапкерге 0,5 млн еуроға жуық сыйақы төленгенін анықтады», – деді арнайы баспасөз мәслихатында клуб президенті Андрюс Тапинас.

Оның айтуынша, кейбір трансферлер үшін маманға келісімшарт сомасының 30%-ы да тиесілі болған – барлығы 84 мың еуро.

«Аудиторлардың пікірінше, бұл қаражаттың бір бөлігі құжаттармен расталмаған», – деп атап өтті Тапинас.

Бұдан бөлек, аудиторлардың мәліметінше, оларда 2025 жылы көлік сатып алуға берілген 61 000 еуро көлеміндегі аванс бойынша да сұрақтар бар.

Литвалық журналист: Чебурин мен «Жальгирис» басшысы жақсы қарым-қатынаста

Сарапшыларда клубтың басқа да шығыстары сұрақ туғызды: әрқайсысы 560 еуродан тұратын курткалар (паркалар), 909 еуролық ерлер әмияндары, GoPro-ға арналған қорғаныс кейстері, PlayStation аксессуарлары, бұта кескіш, бақша жиһазы, бастырма, құны 3623 еуро болатын жоғары қысымды жуғыш аппарат.

Аудиторлар 250 мың еуроға жуық өкілдік шығыстардың, сондай-ақ 20 мың еуродан астам әуе ұшуларының негізділігін де растай алмады – билеттердің бір бөлігі бойынша қажетті құжаттар болмаған. Түгендеу кезінде «Жальгиристің» балансында тұрған мүліктің де бір бөлігі табылмаған.

«Аудиторлардың мекеме мүлкі мен қаржысы тиімді басқарылды ма, басқару және әкімшілендіру процестері тиісті әрі нәтижелі болды ма деген сұраққа жауабы қысқа болды – жоқ», – деп атап өтті Тапинас.

Клубтың қазіргі басшылығы заңгерлермен кеңесіп жатыр.

«Қазіргі уақытта кеңесулер өтуде және біз қаражатты талан-таражға салу ықтималдығына байланысты заңды қадамдар жасауды жоспарлап отырмыз», – деді «Жальгирис» директоры Миндаугас Каспярунас.

Еске сала кетейік, 61 жастағы қазақстандық Владимир Чебурин өткен жылдың қыркүйегінде «Жальгириспен» қоштасқан болатын. Төрт маусым ішінде ол клубты үш рет чемпиондыққа жеткізіп, тағы екі рет Литва кубогын иеленді.

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 14:44

Талғардағы ҚФФ Академиясының құрылысы 40%-ға аяқталды

Бүгін, 11:33

«Бапкер қайда қойса, сонда ойнаймын»: «Тобылдың» футболшысы «Паневежиске» қарсы КЛ матчы жайлы

Бүгін, 11:23

«Қорғанысқа жатып алмаймыз»: Ромащенко – «Тобылдың» стилі, жарақаттар мен «Паневежис» жайлы

Бүгін, 11:14

«Қайрат»—«Омония»: Чемпиондар лигасының ойынына болжам мен бәс тігу

Бүгін, 10:12

Ресейлік комментатор – Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюті туралы: Дастанға бекер сенбейтініміз дәлелденді

Бүгін, 08:29

Қарағандының үміті: Артем Литош «Шахтерды» ҚПЛ-ға қалай сүйреп келеді

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  29 шілде, 14:44

Талғардағы ҚФФ Академиясының құрылысы 40%-ға аяқталды

1
ҚПЛ  29 шілде, 13:46

Сыйақылар, көлік және PlayStation: ҚПЛ бапкері Еуропада дауға қалды

2
Еурокубоктар  29 шілде, 11:33

«Бапкер қайда қойса, сонда ойнаймын»: «Тобылдың» футболшысы «Паневежиске» қарсы КЛ матчы жайлы

3
Еурокубоктар  29 шілде, 11:23

«Қорғанысқа жатып алмаймыз»: Ромащенко – «Тобылдың» стилі, жарақаттар мен «Паневежис» жайлы

4
Халықаралық футбол  29 шілде, 10:12

Ресейлік комментатор – Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюті туралы: Дастанға бекер сенбейтініміз дәлелденді

5
ҚПЛ  29 шілде, 08:29

Қарағандының үміті: Артем Литош «Шахтерды» ҚПЛ-ға қалай сүйреп келеді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ҚайратҚайрат
20
13
6
1
25
45
2
ОрдабасыОрдабасы
19
13
4
2
19
43
3
АстанаАстана
18
9
5
4
9
32
4
АқтөбеАқтөбе
19
9
4
6
7
31
5
ОқжетпесОқжетпес
19
8
6
5
-1
30
6
ЕлімайЕлімай
18
7
6
5
3
27
7
ҰлытауҰлытау
19
7
6
6
-2
27
8
ТобылТобыл
19
6
4
9
-5
22
9
ЖеңісЖеңіс
19
5
7
7
-6
22
10
КаспийКаспий
19
6
3
10
-6
21
11
ҚайсарҚайсар
20
3
11
6
-7
20
12
ҚызылжарҚызылжар
19
5
4
10
-7
19
13
АтырауАтырау
18
3
9
6
-4
18
14
ЖетісуЖетісу
19
4
6
9
-7
18
15
АлтайАлтай
19
3
7
9
-11
16
16
ЕртісЕртіс
18
2
8
8
-7
14