Матч орталығы
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
28 қазан, 19:32

Фото: Петур Кнудсен
«НСИ Рунавик» клубы мен Фарер аралдары ұлттық құрамасының шабуылшысы Петур Кнудсен алматылық «Қайраттың» назарына түсті, деп хабарлайды ASnews.kz.
28 жастағы футболшы Ұлттар лигасының жақында өткен Қазақстанға қарсы матчында (2:2) соққан голынан кейін алматылықтардың қызығушылығын тудырды. «Қайрат» басшылығы Фарер аралдары чемпионымен келісімшарты 2026 жылдың соңында аяқталатын орталық шабуылшының өкілімен байланысқа шыққан.
Айта кетейік, биылғы маусымда Петур Кнудсен 33 ойынға қатысып, 18 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. Форвард 2025 жылы да Қазақстан құрамасының қақпасын дәл көздеген болатын (1:0). Футболшы спортпен қатар тұздалған балық экспортайтын зауытта жұмыс істейді.
Әлишер Аманжол