Мартин – «Атыраумен» болған матч туралы: ең бастысы – жеңілмедік
4 сәуір, 21:45
Фото: Андрей Мартин
Шымкенттік «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин «Атырауға» қарсы өткен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Бұл ойынға көп эмоция жұмсадық. Біз үшін оңай өткен жоқ. «Атыраудың» бұған дейінгі үш ойынды қатарынан тең аяқтағанын білдік. Бұл мінезді команда. Қорғанысты жақсы ұстайды әрі қауіпті сәттер де жасай алады. Мұндай тығыз қорғанысты бұзу өте қиын. Біз гол соғатын көптеген мүмкіндік жасадық, бірақ сәл сәттілік жетіспеді.
Жігіттердің мінезіне ризамын. Ең бастысы – жеңілген жоқпыз. Бірақ өз алаңымызда жеңіске жете алмағанымыз өкінішті.
Алдымызда әлі көп жұмыс күтіп тұр. Кеше ғана командаға екі жаңа ойыншы қосылды. Олардың толық бейімделуі үшін уақыт керек. Құдай қаласа, бәрі жақсы болады. Халықаралық үзіліс те команданың ойынына әсер етті. Ойыншыларға тағар кінәм жоқ. Бізге бір нәрсе жетіспеді. Мұны талдап, алдағы уақытта қайталамауға тырысамыз.
Гол соғу тек шеберлікке байланысты емес. Мұнда психология мен басқа да факторлар әсер етеді. Ең бастысы – біз мүмкіндіктер жасап жатырмыз. Егер ондай сәттер болмаса, гол да болмайды. Көп мүмкіндік жасап жүргеніміз қуантады.
Муроджон Халматовқа келсек, біз оған сенеміз. Ол – жақсы ойыншы. Иә, командада бәсекелестік жоғары. Бұл ойында оның жолы болмады, бірақ біз оны қолдаймыз. Алдағы матчтарда өзін жақсы қырынан көрсетеді», – деді Мартин.
Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турындағы кездесу Шымкентте өтіп, тең нәтижемен аяқталды – 1:1. «Мұнайшылар» 20-минутта Константин Дорофеевтің арқасында есеп ашып, ойын соңына дейін алда келе жатқан. Алайда «Ордабасы» негізгі уақытқа қосылған минуттарда жеңілістен аман қалды: 90+11-минутта Эльхан Астанов пенальтиден гол соқты.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ұпай
1
Астана 7
2
Ордабасы 7
3
Оқжетпес 7
4
Қайрат 7
5
Елімай 5
6
Қызылжар 4
7
Ұлытау 4
8
Ертіс 3
9
Атырау 3
10
Ақтөбе 3
11
Алтай 2
12
Жеңіс 2
13
Қайсар 2
14
Жетісу 2
15
Каспий 1
16
Тобыл 1
#
Команда
Ұпай
1
Арсенал 70
2
Манчестер Сити 61
3
Манчестер Юнайтед 55
4
Астон Вилла 54
5
Ливерпуль 49
6
Челси 48
7
Брентфорд 46
8
Эвертон 46
9
Фулхэм 44
10
Брайтон 43
11
Сандерленд 43
12
Ньюкасл Юнайтед 42
13
Борнмут 42
14
Кристал Пэлас 39
15
Лидс 33
16
Ноттингем Форест 32
17
Тоттенхэм 30
18
Вест Хэм 29
19
Бёрнли 20
20
Вулверхэмптон 17
#
Команда
Ұпай
1
Барселона 73
2
Реал Мадрид 69
3
Вильярреал 58
4
Атлетико Мадрид 57
5
Бетис 44
6
Сельта 41
7
Реал Сосьедад 38
8
Хетафе 38
9
Атлетик Бильбао 38
10
Осасуна 37
11
Эспаньол 37
12
Валенсия 35
13
Жирона 34
14
Райо Вальекано 32
15
Севилья 31
16
Алавес 31
17
Эльче 29
18
Мальорка 28
19
Леванте 26
20
Реал Овьедо 21
#
Команда
Ұпай
1
Бавария 70
2
Боруссия Дортмунд 61
3
Штутгарт 53
4
РБ Лейпциг 50
5
Хоффенхайм 50
6
Байер 04 46
7
Айнтрахт Франкфурт 38
8
Фрайбург 37
9
Унион Берлин 31
10
Аугсбург 31
11
Майнц 30
12
Гамбург 30
13
Боруссия М 29
14
Вердер 28
15
Кёльн 26
16
Санкт-Паули 24
17
Вольфсбург 21
18
Хейденхайм 15
#
Команда
Ұпай
1
Интер Милан 69
2
Милан 63
3
Наполи 62
4
Комо 57
5
Ювентус 54
6
Рома 54
7
Аталанта 50
8
Лацио 43
9
Болонья 42
10
Сассуоло 39
11
Удинезе 39
12
Парма 34
13
Дженоа 33
14
Торино 33
15
Кальяри 30
16
Фиорентина 29
17
Кремонезе 27
18
Лечче 27
19
Верона 18
20
Пиза 18
#
Команда
Ұпай
1
ПСЖ 60
2
Ланс 59
3
Марсель 49
4
Лион 47
5
Лилль 47
6
Монако 46
7
Ренн 44
8
Страсбур 40
9
Тулуза 37
10
Лорьян 37
11
Брест 36
12
Анже 32
13
Париж 31
14
Гавр 27
15
Ницца 27
16
Осер 22
17
Нант 17
18
Метц 14
Ернар Ламқадыров