Матч орталығы
«Астананың» бұрынғы бапкері – Қазақстандағы инфрақұрылым туралы: қорқынышты түс секілді есімде қалды
17 наурыз, 11:17

Фото: Станимир Стоилов
Түркиялық «Гезтепе» клубының бас бапкері Станимир Стоилов Қазақстандағы футбол ареналарының жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Қазақстанда маған қорқынышты түс секілді болып есіме түсетін стадиондар көп. Мен 22 жыл бойы Болгариядағы стадиондардың жағдайы туралы айтып келемін, сол үшін мені «синоптик», «агроном» деп атап кетті. Бірақ бір нәрсені қайталаудан жалықпаймын: егер дамығың келсе, инфрақұрылым мен ұйымдастыру жұмыстарына көңіл бөлу керек.
Жасанды төсеніші бар шағын алаңдар есімде. Бірде Атырауда тіпті спортзалдың ішінде киім ауыстыруға тура келді. Мен мұны түсінбеймін – Қазақстанда футболшыларға үлкен ақша жұмсалады, бірақ базалар мен ареналар туралы ойланбайды», – деді бапкер Zidan4eg LIVE арнасына берген сұхбатында.
2014–2019 жылдар аралығында болгариялық маман Станимир Стоилов «Астана» клубын және Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Қазір 59 жастағы маман баптайтын клуб Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде бесінші орында келеді.
Наурыз айында Атырау облысында 12 мың көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы басталды. Хабарланғандай, оның құрылымы тек футбол матчтарын ғана емес, регби мен америкалық футболды өткізуге де мүмкіндік береді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 10:43
«Мәселе деңгейде емес, қысымда»: Йонсен Чесноковтың Шотландияда неліктен тұрақтай алмағанын түсіндірді
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол