Ресей құрамасының бапкері «Астананың» экс-ойыншысы туралы: Грипши «Рубинде» өзін лайықты көрсетуде

9 наурыз, 21:08

Ресей құрамасының бапкері «Астананың» экс-ойыншысы туралы: Грипши «Рубинде» өзін лайықты көрсетуде

Фото: Назми Грипши

«Рубин» мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Виталий Кафанов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Назми Грипшидің «Краснодарға» (2:1) қарсы ойынына баға берді. «Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы қазандықтар сапындағы алғашқы голын соқты.

«Грипши жақсы матч өткізді. Қатты аяз бен үйреншікті емес алаңға қарамастан, ол ерекше көзге түсіп, есеп ашты. РПЛ-дағы болашағы қалай болматынына келетін болсақ, алдын ала кесіп айтқым келмейді, бірақ ол «Рубин» сапындағы маусымын өте лайықты бастады», – деді Кафанов.

Ресей құрамасы бапкерлер штабының қазіргі мүшесі ҚПЛ-дан барған футболшылардың Ресей премьер-лигасындағы мүмкіндіктері туралы да пікір білдірді:

«Негізгі құрамнан орын алып, жеңіске үлкен үлес қосқан Чинедудің «Крылья Советов» сапындағы дебютіне қарай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: ҚПЛ-дан шыққан ойыншылар РПЛ-да толықтай бәсекеге қабілетті бола алады», – деп қосты ол.

Еске салайық, «Астананың» экс-шабуылшысы Джеффри Чинеду де махачқалалық «Динамо» қақпасына (2:0) дубль жасаған болатын. «Крылья Советов» нигериялық ойыншы үшін 330 мың еуро төледі.

Ал Виталий Кафанов «Рубинде» 2002-2013 және 2017-2019 жылдар аралығында жұмыс істеген. Бұған дейін ол Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында да қызмет еткен.

Тағы да оқыңыз

Кеше, 22:07

«Қайсар» мен Қазақстан құрамасының вингері түркиялық клубқа ауысуға жақын

Кеше, 20:10

«Шахтер» академиясы құрылысының аяқталу мерзімі белгілі болды

Кеше, 18:10

Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді

Кеше, 15:22

Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді

Кеше, 14:43

Британдық блогер Сәтпаевқа үндеу жасады: Дастан ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейді

Кеше, 12:51

«Астана» футболшылар алдындағы қарызын әлі өтеген жоқ

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  11 қыркүйек, 22:07

«Қайсар» мен Қазақстан құрамасының вингері түркиялық клубқа ауысуға жақын

1
ҚПЛ  11 қыркүйек, 20:10

«Шахтер» академиясы құрылысының аяқталу мерзімі белгілі болды

2
Халықаралық футбол  11 қыркүйек, 18:10

Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді

3
Еурокубоктар  11 қыркүйек, 15:22

Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді

4
Халықаралық футбол  11 қыркүйек, 14:43

Британдық блогер Сәтпаевқа үндеу жасады: Дастан ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейді

5
ҚПЛ  11 қыркүйек, 12:51

«Астана» футболшылар алдындағы қарызын әлі өтеген жоқ

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ҚайратҚайрат
24
17
6
1
35
57
2
ОрдабасыОрдабасы
24
17
4
3
29
55
3
АстанаАстана
23
13
6
4
17
45
4
ОқжетпесОқжетпес
24
12
6
6
5
42
5
АқтөбеАқтөбе
24
11
5
8
6
38
6
ЕлімайЕлімай
23
8
8
7
-1
32
7
ТобылТобыл
24
9
4
11
-3
31
8
ҰлытауҰлытау
24
8
7
9
-5
31
9
ЖеңісЖеңіс
24
7
8
9
-6
29
10
КаспийКаспий
24
7
5
12
-9
26
11
АтырауАтырау
23
4
11
8
-6
23
12
ҚызылжарҚызылжар
24
6
5
13
-12
23
13
АлтайАлтай
24
5
7
12
-12
22
14
ЖетісуЖетісу
24
5
7
12
-16
22
15
ҚайсарҚайсар
24
3
11
10
-12
20
16
ЕртісЕртіс
23
4
8
11
-10
20