Матч орталығы
«Тобылдың» экс-шабуылшысы – Гонконгқа көшуі туралы: Қазақстанда қалуым мүмкін еді
14 наурыз, 09:50

Фото: Сенин Себаи
«Тобыл» мен «Қызылжардың» бұрынғы шабуылшысы Сенин Себаи ASnews.kz-ке берген сұхбатында гонконгтық «Ли Ман» клубына ауысуы туралы айтып берді.
«Жаңа чемпионатқа келгеніме қуаныштымын және оған бейімделіп үлгердім. Біз қазақстандық клубтармен келіссөз жүргіздік, бірақ қазіргі қаржыландыру жүйесімен келісімге келу қиынға соқты. Қалай болғанда да, ҚПЛ туралы жылы естеліктерім көп.
«Қайратқа» қарсы Суперкубок матчын (пенальти сериясында 5:4) көрдім бе? Әрине, үлкен толқумен тамашаладым. Екі команда да керемет футбол көрсетті, «Тобылдың» жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Оларға алдағы маусымда сәттілік тілеймін», – деді ивуарлық ойыншы.
Сондай-ақ Себаи команданың жаңа ойыншысы әрі өзімен есімі ұқсас келетін Рубин Хебайдың трансферіне қатысты пікір білдірді:
«Ең алдымен, ол – өте мықты ойыншы, «Тобылға» пайдасын тигізуі керек. Ал жанкүйерлердің есімдеріміздің ұқсастығына қатысты әзілдеуі күлкімді келтіреді – демек, олар мені ұмытпаған. Хебай Себаидан кейін өз ізін қалдырады деп үміттенемін», – деп қосты ол.
32 жастағы африкалық футболшы ҚПЛ-да 72 ойын өткізіп, 21 гол соққан және 12 нәтижелі пас берген. Қаңтар айынан бері шабуылшы Гонконг чемпионатында екінші орында келе жатқан «Ли Ман» сапында өнер көрсетуде.
2026 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері албаниялық шабуылшы Рубин Хебаймен келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол словениялық «Домжале», украиналық «Ворскла» және сауд арабиялық «Аль-Оруба» клубтарының намысын қорғаған.
Әлишер Аманжол