Матч орталығы
«Тулузаның» экс-футболшысы – «Астанадағы» жалақысы туралы: қыруар ақша алған жоқпын
24 ақпан, 17:13

Фото: Фирмин Мубеле
«Астана» мен Конго ДР ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Фирмин Мубеле ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-да Францияның 1-лигасына қарағанда аз табыс тапқанын мойындады.
«Мен «Тулузада» қалғым келмеді, өйткені бапкер үнемі жанжал шығара беретін. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында тәжірибе жинау үшін «Астананы» таңдадым. Мәселе ақшада емес еді – Францияда маған көбірек төлейтін», – деді Мубеле.
Сонымен қатар, ойыншы Қазақстан премьер-лигасына атақты легионерлердің келуіне қатысты пікір білдірді:
«Егер Нани мен Мозес 36 және одан жоғары жаста жақсы бабын сақтап жүрсе, олармен неге келісімшартқа отырмасқа? Мен агенттердің орнында болсам, Қазақстанға тағы бірнеше топ-футболшы әкелер едім», – деп қосты ол.
Еске салайық, 31 жастағы конголық шабуылшы 2019 жылы франциялық «Тулузадан» «Астанаға» ауысқан болатын. Еурокубок аясындағы жеті матчта Мубеле бірде-бір гол соқпады, ал кейін тізе жарақатына байланысты қатардан шығып қалды.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 10:43
«Мәселе деңгейде емес, қысымда»: Йонсен Чесноковтың Шотландияда неліктен тұрақтай алмағанын түсіндірді
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол