Матч орталығы
Нигерия құрамасының экс-ойыншысы – «Қайсар» туралы: Мозес пен Эзекиль айтарлықтай көмек береді
15 наурыз, 14:25

Фото: Виктор Мозес
Қарағандылық «Шахтер» мен Нигерия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Усман Мохаммед ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Виктор Мозестің «Қайсарға» ауысуына қатысты пікір білдірді.
«Шынымды айтсам, қашан да бір күні Мозесті «Қайсардан» көремін деп ойламаппын. Бірақ бұл футбол ғой – мұнда тосынсыйлар болып тұрады. Эзекиль екеуі тәжірибелерінің арқасында командаға көп пайда әкелетін екі сапалы ойыншы екеніне күмәнім жоқ», – деді Мохаммед.
Еске салайық, «Челсидің» экс-латералінен бөлек, қызылордалықтардың құрамын Имо Эзекиль толықтыруы мүмкін. 32 жастағы нигериялық шабуылшы қазір Түркиядағы команданың қаралымында жүр.
Мохаммед «Шахтер» сапында 2020 жылы өнер көрсетті. Қазір израильдік «Ирони» намысын қорғайтын футболшының еншісінде ҚПЛ-дың 18 матчында соғылған бір гол бар.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 10:43
«Мәселе деңгейде емес, қысымда»: Йонсен Чесноковтың Шотландияда неліктен тұрақтай алмағанын түсіндірді
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол