Матч орталығы
Ресейлік сарапшы – «Ақтөбенің» жаңа бапкері жайлы: ол әлемдегі үздік маман
6 ақпан, 16:20

Фото: Томас Гроннемарк
Ресейлік футбол сарапшысы Павел Тихонов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Ақтөбе» клубының «Арсеналдың» допты ауттан лақтыруға жауапты жаттықтырушысы Томас Гроннемаркті шақырғанына пікір білдірді.
«Гроннемарк асыра бағаланған маман емес. Оны кезінде «Ливерпульдің» мықты аналитикалық бөлімі шақырғанын ескеру керек. Томасты әлемдегі допты ауттан лақтыру бойынша алғашқы маман деуге толық негіз бар. Оның айтқандарынан-ақ бұл мәселеге қаншалықты терең үңілгенін аңғаруға болады.
Сонымен қатар Гроннемарк өзін дұрыс таныта біледі, медиаға жиі шығады. Сондықтан «Ақтөбенің» оған қызығушылық танытуы таңғаларлық жағдай емес», – деді Тихонов.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, «қызыл-ақтар» белгілі даниялық маманды Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына шақырған. Ол командаға стандартты жағдайлармен жұмыс істеуде көмектеседі.
Бұған дейін 50 жастағы Гроннемарк Юрген Клоппен бірге «Ливерпульде» жұмыс істеген. Қазір ол Лондонның «Арсенал» клубына кеңесші ретінде қызмет етеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол