Матч орталығы
Молдовалық футболшының агенті – «Ордабасының» ұсынысы жайлы: отбасы жағдайына байланысты бас тартты
30 қаңтар, 08:15

Фото: Теодор Лунгу
Молдовалық жартылай қорғаушы Теодор Лунгудың агенті Георге Негура ASnews.kz сайтына берген сұхбатында футболшының «Ордабасыға» ауыспай қалу себебін түсіндірді.
«Теодор Румынияны таңдады, себебі ұлы дүниеге келгеннен кейін отбасына жақын болғысы келеді. Қазақстаннан түскен ұсыныс бәрін тастап кететіндей әдемі болған жоқ», – деді 30 жастағы футболшының агенті.
Шымкенттік клуб бір жыл бойы Лунгуға қызығушылық танытып келген. Алайда «Петрокубтың» жартылай қорғаушысы Румынияның «Униря» клубымен келісімшартқа отырды.
Молдовалық футболшы 2024 жылы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта (1:0) «Ордабасы» қақпасына гол соққан болатын. Андрей Мартиннің қол астында ол 70 ойын өткізді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол