Матч орталығы
Исаэль – Нани мен Мозестің ҚПЛ-ға келуі жайлы: «Қайрат» бұған жауап беруі керек
26 қаңтар, 10:58

Фото: Исаэль Барбоза
«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Луиш Нани мен Виктор Мозестің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді.
«ҚПЛ үшін де, жалпы ел футболы үшін де әлемдік жұлдыздарды тарту өте маңызды. «Қайратқа» жауап қайтарудың уақыты келген жоқ па? Команда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр, бірақ Нани мен Мозес секілді ойыншылардың құрамда болғаны әрдайым керемет әсер сыйлайды. Мұны жанкүйерлер де жоғары бағалар еді.
37 жасымда чемпионатта ойнай алар ма едім? Иә, мен әлі де бәсекеге қабілеттімін. Қазір Рио-де-Жанейроның бірінші дивизионында жақсы ойнап жүрмін, – деді бразилиялық футболшы.
2025 жылдың соңында Барбоза «Боавишта» клубымен келісімшартқа отырған. Жасына қарамастан, «Қайраттың» бұрынғы көшбасшысы турнирдің үздік ойыншыларының символикалық құрамына тұрақты түрде еніп жүр.
Бразилиялық футболшы «Қайрат» сапында 174 матч өткізіп, 99 нәтижелі әрекетпен көзге түсті. Ол ресейлік «Краснодар» мен венгриялық «Ференцварош» клубтарында да доп тепті.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
3Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлишер Аманжол