Матч орталығы
Лаша Касрадзе: Қазақстан мен Грузия командаларының текетіресі қызыққа толы болады
21.06.2025 11:03

Фото: Лаша Касрадзе
«Жеңістің» грузиялық экс-қорғаушысы Лаша Касрадзе BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ордабасы» мен «Торпедо» арасындағы матчқа баға берді:
«Біріншіден, Қазақстан мен Грузия командаларының текетіресі әрқашан қызыққа толы болады.
«Торпедо» – жақсы команда, олардың мақсаты – чемпион атану, сондықтан сапалы легионерлермен толықты. Менің ойымша, бұл маусымда олар еурокубоктың топтық кезеңіне шығуға тырысады.
«Ордабасыны» да жақсы білемін – команданың ҚПЛ-да және Еуропада өз міндеттері бар. Қызықты матч болады деп ойлаймын, біз оны асыға күтеміз», - деді Касрадзе
Алғашқы ойын Грузияда 10 шілдеде өтсе, қарымта ойын 17 шілдеге жоспарланған.
Касрадзе бұған дейін «Жетісу», «Тараз», «Жеңіс» командаларында өнер көрсетті. 2020 жылдан 2021 жылға дейін «Торпедо Кутаисидің» намысын қорғады.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
58
2
57
3
45
4
42
5
41
6
35
7
32
8
31
9
31
10
26
11
23
12
23
13
23
14
22
15
22
16
20