Матч орталығы
Сергей Ташуев «Қызылжардың» трансферлік нысаны Ахмеди туралы: ол ҚПЛ-ды күшейтеді
08.06.2025 12:31

Фото: Валон Ахмеди
«Ахматтың» бұрынғы бапкері Сергей Ташуев мансабын «Қызылжарда» жалғастыруы мүмкін 30 жастағы Валон Ахмеди туралы айтты.
«Валон – «Шахтерде» ойнаған тәжірибелі футболшы. Ірі денелі және сол аяқпен ойнайтын жартылай қорғаушы. Ол керемет пас беріп, қауіпті сәттер туындатады және дәл соққы жасай алады. Сол сәтте менің командамдағы бәсекелестік жоғары деңгейде болды, сондықтан Ахмеди жиі ойнай бермейтін, бірақ кейін капитан атанып, жоғарғы лигаға бейімделді. Ол Қазақстан чемпионатын күшейте түсетін кәсіби футболшы», - деді Ташуев BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.
Албаниялық жартылай қорғаушы Ташуевтің жетекшілігімен «Шахтерде» (Солигорск) өнер көрсетті. Ол жақта 82 матчқа қатысып, 10 гол соқты, 22 ассист жасады.
Дәл қазіргі сәтте Ахмедиге «Қызылжар» қызығушылық танытуда. Оның македониялық «Работнички» клубымен келісімшарты 15 маусымда аяқталады.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
58
2
57
3
45
4
42
5
41
6
35
7
32
8
31
9
31
10
26
11
23
12
23
13
23
14
22
15
22
16
20