«Тобыл» – «Қайрат»: командалардан голдар күтеміз
26 шілде, 12:59

Фото: «Тобыл» – «Қайрат
26 шілде күні Қостанайда Қазақстан Премьер-лигасының 18-турындағы маңызды ойындардың бірі өтеді: жергілікті «Тобыл» екінші орында тұрған «Қайратты» қабылдайды. Екі ұжым да жүлделі орындар үшін күресіп жатыр, сондықтан әрбір қателік шешуші болуы мүмкін.
«Тобыл»: өз алаңында қауіпті, бірақ қорғанысы әлсіз
Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы турнир кестесінде үшінші орында келеді. Соңғы матчтарда «Тобыл» батыл ойын көрсетіп жүр — команда фланг арқылы шабуылдап, допты бақылауға тырысады және жартылай қорғаушылар белсенді қосылады.
Алайда қорғаныста осал тұстары бар: жылдам шабуылдар мен стандарттан келген пастар кезінде жиі қиындық көреді. Соңғы бес турда қостанайлықтар үш рет жеңіске жетті, бірақ әр ойында қарсыластар гол салуға мүмкіндік алды.
Соңғы матчтар:
- «Ақтөбе» — «Тобыл» 0:0
- «Тобыл» — «Оқжетпес» 2:1
- «Елімай» — «Тобыл» 2:3
- «Тобыл» — «Жеңіс» 2:2
- «Тобыл» — «Жеңіс» 2:1
«Қайрат»: маусым фавориті және Чемпиондар лигасындағы жүктеме
Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын алматылық команда екінші орынға мықтап жайғасқан және чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі. Команда жоғары қарқынды ойын көрсете алады: қапталрдар арқылы шабуылдап, стандартты жағдайларда тиімді ойнайды.
Қонақта ойнаса да, «Қайрат» жиі бірінші нөмірмен ойнайды және тәуекелден қорықпайды. Әлсіз жері — қорғаныс. Қарсыласы тең немесе мықты болғанда, позициялық қателіктер жиі кездеседі. Бірақ шабуылдағы белсенділік пен физикалық дайындығы сол қателіктерді жуып-шаяды.
Алматылықтардың Чемпиондар лигасындағы жүктемесі де назардан тыс қалмауы керек: 29 шілдеде «Қайратқа» «КуПСқа» қарсы екі голдық айырманы қайтару қажет. Сондықтан Уразбахтин бұл матчта негізгі ойыншыларға демалыс беруі де мүмкін.
Соңғы ойындар:
- «КуПС» — «Қайрат» 2:0 (ЧЛ)
- «Қайрат» — «Қайсар» 1:1
- «Қайрат» — «Олимпия» Любляна 2:0 (ЧЛ)
- «Олимпия» — «Қайрат» 1:1
- «Қайрат» — «Тұран» 4:0
Командалар арасындағы статистика:
- Соңғы 5 кездесудің 4-інде тотал 2,5 голдан жоғары болды
- Соңғы 5 кездесудің 3-інде екі команда да гол соқты
- «Қайрат» соңғы 5 ойының 4-інде екі голдан кем соққан жоқ
- «Қайрат» соңғы 5 матчтың үшеуінде жеңіске жетті
Матчқа болжам
Ойын жабық сипатта өтеді деу қиын: екі команда да шабуылға бейім, ал қорғаныста осал тұстары бар. «Тобыл» өз алаңында ойнайды, мотивациясы жоғары, бірақ «Қайрат» та жеңіс үшін келеді. Сондықтан екі жақтан да гол күтеміз.
Болжам: Екі команда да гол соғады — Иә. Балама: «Қайраттың» жеке тоталы 1 голдан көп
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Эксперт – «Селтик»–«Қайрат» матчы туралы: шотландиялықтарда форвард пен артқы жартылай қорғаушы жоқ
2Турнирлік кесте













































































































