Матч орталығы
Шушеначев – «Ақтөбеге» ауысуы жайлы: мұнда кез-келген қарсылас ойнауға қиналады
03.10.2025 18:12

Фото: Артур Шушеначев
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев ютубтағы «Футбол Жолы» арнасына берген сұхбатында «Ақтөбеге» ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Мен «Қайраттың» ойыншысы болған кезімде Ақтөбеде ойнау әрқашан қиынға соғатын. Мұндағы атмосфера ерекше: футбол стадионында жүгіру жолағы жоқ, ал жанкүйерлер команданы 90 минут бойы алға жетелейді. Қарсыластар үшін бұл оңай емес. Ал қазір «Ақтөбеде» болғандықтан, өзімді осында жақсы сезінемін.
Форвард «Ақтөбегк» ауысу туралы шешімді қалай қабылдағанын да түсіндірді:
«Трансфер жүзеге аспас бұрын Рамазан Оразовқа телефон соғып, қала мен клуб туралы сұрадым. Ол маған жақсы мәлімет берді. Мен үшін тағы бір артықшылығы – «Ақтөбеде» кезінде менімен бірге «Қайрат» пен ұлттық құрамада ойнаған таныс ойыншылар бар», – деді шабуылшы.
Шушеначев Қазақстан құрамасының Лихтенштейн және Солтүстік Македония құрамаларына қарсы ойынға қатысатын ойыншыларының кеңейтілген тізіміне енді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов