Матч орталығы
Оксанен – «Аталантамен» өткен ойын туралы: көңілім толмайды, жеңіске жетуге де болар еді
6 қараша, 02:00

Фото: Яакко Оксанен
Алматылық «Қайраттың» финдік жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен ASnews.kz сайтына берген сұхбатында италиялық «Аталантаға» қарсы Конференция лигасы жалпы кезеңінің үшінші туры аясындағы сырт алаңдағы кездесуді (1:1) қорытындылады.
– Бүгінгі матчтан кейін қандай сезімдесіз?
– Өзімді жақсы сезінемін, өйткені соңында сәл өкініш қалды – жеңіске жетуге өте жақсы мүмкіндігіміз болған сияқты еді. Дегенмен, мұндай қарсыласқа қарсы сырт алаңда тең ойнау – біз үшін жақсы нәтиже.
– Егер кеше сізге тең нәтиже ұсынылса, келісер ме едіңіз?
– Меніңше, иә. Егер кеше біреу бүгінгі ойында тең түсесіңдер десе, мен ойланбастан келісер едім.
– «Аталантаның» деңгейін, стадион мен атмосфераны қалай бағалайсыз?
– Олардың стадионы үлкен әрі керемет, ал команданың өзі Серия А-ның үздіктерінің қатарына кіреді, сол себепті ешкім жеңіл ойын күткен жоқ. Біз шынымен де сапалы матч өткіздік деп есептеймін, әсіресе бірінші таймда көптеген мүмкіндіктер жасадық. Екінші таймда гол соқтық, содан кейін қорғануға тура келді – мұндай деңгейдегі клубтарға қарсы сырт алаңда ойнағанда бұл қалыпты жағдай. Бұрыштама соққысы бар эпизодты есепке алмағанда, біз қорғаныста өте жақсы жұмыс істедік.
– Бұл нәтижеге қол жеткізудегі басты фактор не болды?
– Бізде ойынға арналған өте жақсы тактика мен жоспар болды. Бәрі де тапсырманы қатаң сақтап, бар күшін салып еңбек етті. Меніңше, бұл алаңда да айқын көрінді.
– Бұл тең ойын алдағы еурокубоктық кездесулер алдында сенімділік сыйлай ма?
– Әрине. Бұл – өте маңызды ұпай. Егер қалған кездесулерде бір немесе екі жеңіске жете алсақ, ары қарай аман-есен өтеміз деп ойлаймын. Топтан шығуға жақсы мүмкіндігіміз бар.
Айта кетейік, Конференция лигасы 2026/27 маусымының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясындағы «Аталанта»—«Қайрат» матчы 5 қарашада Бергамода өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапында 53-минутта Марк Гуаль мергендік танытса, бергамаскіліктерден 82-минутта Никола Крстович таразы басын теңдестірді. Келесі турда, 26 қарашада «Қайрат» өз алаңында швециялық «Мьёльбюді» қабылдайды.
Әлім Динасылов