«Шахтердің» бұрынғы ойыншысы – «Тобылдың» қарсыласы туралы: нәтижені болжау қиын
5 тамыз, 12:24

Фото: «Тобыл» ФК
Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы сербиялық жартылай қорғаушысы Вук Митошевич ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Партизан» мен «Тобыл» арасындағы ойын жайлы пікірімен бөлісті.
«Меніңше, екі матчтың да нәтижесі белгісіз, оны алдын ала айту мүмкін емес. Екі команданы да қиын әрі ұзақ сапар күтіп тұр, сондықтан құрамдағы әрбір футболшының, сондай-ақ қосалқы құрамның мүмкіндігі маңызды рөл атқарады. Алғашқы кездесу алдында «Партизанда» сәл де болса басымдық болады деп есептеймін, өйткені команданың чемпионаттағы соңғы ойыннан кейін қалпына келуге уақыты көбірек. Оның үстіне, соңғы күндері Сербияда күн өте ыстық – бейнебір жаздағы Қызылорда сияқты (күледі)», – деді Митошевич.
Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қостанайлық «Тобыл» сербиялық «Партизанға» қарсы ойнайды. Алғашқы матч 6 тамызда Белградта, қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Бұл текетірестің жеңімпазы плей-офф кезеңінде испаниялық «Хетафемен» кездеседі.
Вук Митошевич Қазақстанда қызылордалық «Қайсар» (2015), «Ақтөбе» (2016) және қарағандылық «Шахтер» (2021) сапында өнер көрсеткен.
«Партизанның» қиындықтары бар»: ҚПЛ-дың сербиялық экс-қорғаушысы – «Тобылмен» өтетін матч туралы
Нұрқанат Шабданбек