«Партизанның» қиындықтары бар»: ҚПЛ-дың сербиялық экс-қорғаушысы – «Тобылмен» өтетін матч туралы

5 тамыз, 08:24

«Партизанның» қиындықтары бар»: ҚПЛ-дың сербиялық экс-қорғаушысы – «Тобылмен» өтетін матч туралы

Фото: «Партизан» ФК

ҚПЛ клубтарының сербиялық бұрынғы қорғаушысы Марко Николич ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қостанайлық «Тобыл» мен белградтық «Партизан» текетіресіндегі мүмкіндіктерді бағалады.

«Партизанның» бабы туралы

«Партизан» қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр, өйткені олардың чемпионаттағы жағдайы мәз емес. Өткен маусымда мен Кубокта олардың қақпасына гол соқтым, содан кейін олар жарыстан шығып қалды және содан бері командада сәтсіз нәтижелер сериясы басталды. Тіпті Срджан Благоевичті де жұмыстан босатты, бірақ әлі күнге дейін тиісті ойын ырғағын таба алмай келеді. Дегенмен оларда алаңда айырмашылық жасай алатын жекелей мықты бір-екі футболшы бар.

Мен айтқандай, белградтықтардың соңғы уақыттағы нәтижелері таңғалдырмайды, бірақ «Партизан» жейдесінде ойнаудың үлкен жауапкершілігі бар. Олар жеңіс үшін соңына дейін күреседі, өйткені әр матчта жеңіске жетуге еті үйренген. Дәл осы фактор мен клуб тарихына байланысты мен олардың келесі кезеңге өту мүмкіндігін сәл де болса жоғары бағалаймын».

«Тобыл» қарсыласын таңғалдыра ала ма?

«Қостанайлықтар «Партизанды» әсіресе өз алаңындағы матчта таңғалдыруға толықтай шамасы шетеді – сербиялық клубты өте ұзақ әрі ауыр сапар күтіп тұр. Дегенмен Белградтағы өз аренасында лық толы стадион мен керемет атмосфера күтемін, бұл «Партизан» ойыншыларына жеңіске жетуге көмектеседі», – деді Николич.

Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Партизан» мен «Тобыл» арасындағы алғашқы матч 6 тамызда Белградта, ал қарымта ойын 13 тамызда Қостанайда өтеді.

28 жастағы сербиялық қорғаушы Марко Николич 2023 және 2024 жылғы маусымдарда павлодарлық «Ақсу» сапында 11 ойын және түркістандық «Тұран» сапында 26 матч өткізді. Сонымен қатар оның карьерасында сербиялық «Рад» пен «Мачва», венгриялық «Будафоки» мен «Дебрецен», әзірбайжандық «Сабаил» клубтары болған, ал қазіргі уақытта ол таиландтық «БГ Патум Юнайтед» сапында өнер көрсетеді.

«Чемпионшипке кетуі де мүмкін еді»: Чесноковтың агенті – «Хартстан» кету себептері туралы

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 21:48

Ресейлік сарапшы «Қайратқа» ескерту жасады: «Андерлехт» әдемі гол соға алады

Бүгін, 19:07

Ван Дейк: Қазақстан Ұлттар лигасында жеңіске жетеді деп үміттенемін, Оразов командаға көмектесе алады

Бүгін, 14:45

«Еуропалықтарға ащы шындықты айтамын»: «Ордабасының» экс-легионері ҚПЛ-дың басты мәселесін атады

Бүгін, 14:17

Хаби Алонсоның «Челсидегі» жаңа дәуірі басталды! (Matchday Vlog)

Бүгін, 12:15

Сарапшы: «Ақтөбе» әлемдік стандартқа сай логотипке лайық

Бүгін, 10:18

«Фенербахче»—«Лион»: Чемпиондар лигасының ойынына болжам мен бәс тігу

Басты жаңалықтар

Еурокубоктар  18 тамыз, 21:48

Ресейлік сарапшы «Қайратқа» ескерту жасады: «Андерлехт» әдемі гол соға алады

1
Ұлттық құрама  18 тамыз, 19:07

Ван Дейк: Қазақстан Ұлттар лигасында жеңіске жетеді деп үміттенемін, Оразов командаға көмектесе алады

2
ҚПЛ  18 тамыз, 14:45

«Еуропалықтарға ащы шындықты айтамын»: «Ордабасының» экс-легионері ҚПЛ-дың басты мәселесін атады

3
Халықаралық футбол  18 тамыз, 14:17

Хаби Алонсоның «Челсидегі» жаңа дәуірі басталды! (Matchday Vlog)

4
ҚПЛ  18 тамыз, 12:15

Сарапшы: «Ақтөбе» әлемдік стандартқа сай логотипке лайық

5
Халықаралық футбол  17 тамыз, 20:22

«Генктің» қазақстандық шабуылшысына Еуропада баға берілді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
22
16
4
2
27
52
2
ҚайратҚайрат
21
14
6
1
27
48
3
АстанаАстана
21
11
6
4
12
39
4
ОқжетпесОқжетпес
22
10
6
6
3
36
5
АқтөбеАқтөбе
22
10
5
7
6
35
6
ЕлімайЕлімай
21
8
8
5
5
32
7
ҰлытауҰлытау
22
7
7
8
-6
28
8
ЖеңісЖеңіс
21
6
8
7
-3
26
9
ТобылТобыл
21
7
4
10
-5
25
10
КаспийКаспий
22
6
5
11
-7
23
11
ҚызылжарҚызылжар
22
6
5
11
-8
23
12
АтырауАтырау
21
3
11
7
-6
20
13
ҚайсарҚайсар
21
3
11
7
-8
20
14
АлтайАлтай
22
4
7
11
-13
19
15
ЖетісуЖетісу
22
4
7
11
-14
19
16
ЕртісЕртіс
21
3
8
10
-10
17