Кипрлік футболшы – «Қайраттың» ЧЛ-дағы қарсыласы туралы: «Пафос» соңғы жылдары шулатуда
19 қазан, 09:46

Фото: Константинос Венизелу
«Жеңістің» бұрынғы қорғаушысы Константинос Венизелу ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Кипр футболы, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы «Пафос» жайлы айтып, қос елдің чемпионаты арасындағы айырмашылықты атап өтті.
«Кипрдегі футбол соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Лигадағы бәсекелестіктің деңгейі артып, тәжірибелі және жоғары сападағы ойыншылар көбейді. Клубтар ойын тактикасын жақсы қоя білген және нәтижеге ойнайды. «Пафос» – жас, бірақ мықты ойыншылардан жасақталған, алдына үлкен мақсат қойған клуб. Соңғы маусымдарда олар Кипрді шулатуда және олардың қазіргі жетістіктері мұны растай алады», – деді Венизелу.
Қорғаушының айтуынша, қазақ және кипр футболы стилі жағынан мүлдем бөлек екен:
«Қазақстанда футбол физика және динамикаға негізделген, ойындар жоғары қарқынмен өтеді. Кипрде техника мен тактикаға баса назар аударылады. Бірақ екі лига да бәсекеге қабілетті және сапалы, әрқайсысының өзіндік философиясы мен ұстанымдары бар».
Чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы ойын 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
24 жастағы Венизелуды осы жылы «Жеңіс» жалға алды. Кипрлік қорғаушы елордалық клуб сапында 13 ойын өткізген.
Кейін ол Кипрге оралды және 2025 жылдың күзінде ПАЕЕК Кериния командасымен келісімшартқа отырды. Ол бұған дейін «Омония» (Никосия), «Отеллос Афинья» және италиялық «Пескара» U-19 сапында ойнаған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Пафос» бапкері – Сәтпаев туралы: өте талантты және үлкен футболға дайын
1Турнирлік кесте













































































































