Матч орталығы
Карседо: «Қайрат» «Астанадан» мықты, бірақ ертең мүлдем басқа ойын болады
20.10.2025 19:50

Фото: Хуан Карлос Карседо
«Қайратқа» қарсы ойын алдында кипрлік «Пафос» командасының бас бапкері Хуан Карлос Карседо Алматыға сапары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Жақсы ұшып келдік; жолға бес-алты сағат уақытымыз кетті. Уақытында келдік және еш қиындық көрмедік. Өткен жылы біз «Астанамен» ойнаған едік – ол кезде екі команда да өз чемпионатындағы көшбасшылардың қатарында болды, олармен деңгейіміз бір. Бірақ шынымды айтсам, қазір «Қайрат» «Астанадан» мықты көрінеді деп ойлаймын. Қазақстан футболында бәрі жақсы болғанын қалаймын, бірақ ертең біз ұпай алуға тырысамыз», – деді Карседо.
«Пафос» бапкері еурокубокта тәжірибесі бар болғанымен, алдағы матч қиын болатынын айтты:
«Иә, мен мұндай кезеңде бірінші рет ойнап тұрған жоқпын. Менің тәжірибем бар, оны ойыншыларға беруге тырысамын. Әр ойын сайын команда күшейе түседі және бұл өте маңызды. Бірақ тәжірибеме қарамастан, ертеңгі матч өте қиын болатынын түсінемін».
«Қайрат» - «Пафос» кездесуі 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 12 қыркүйек, 13:45
«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Өміржан Солтангельдинов