Матч орталығы
«Пафос» бапкері: біздің күшті тұсымыз – допқа иелік ету
20.10.2025 19:41

Фото: Хуан Карлос Карседо
«Қайратқа» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында кипрлік «Пафостың» бас бапкері Хуан Карлос Карседо өз командасының ойыны жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Біздің күшті тұсымыз – допқа иелік ету. Біз соңғы екі жыл бойы осы тәсілді командаға сіңдіруге тырыстық. Біз алаңда гол соғатын мүмкіндіктер жасауға тырысамыз. Ертең бізді қиын қарсылас күтіп тұр, ойын тізгінін өз қолымызға алуға тырысамыз.
Бұл кезеңде тек мықты командалар ойнайды – «Қайраттың» та, біздің де ұпай алатын мүмкіндігіміз бар. Алда басқа қарсыластармен де кездесулер болады, бірақ бұл ұпайлар біз үшін де, «Қайрат» үшін де өте маңызды», – деді Карседо.
«Қайрат» - «Пафос» кездесуі 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Чемпиондар лигасының екі турынан кейін «Спортинг» пен «Реал Мадридтен» жеңіліп қалған алматылықтардың қоржынында әлі ұпай жоқ. Кипрлік клуб «Олимпиакоспен» тең ойнап, бір ұпайға қол жеткізді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
2ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов