Матч орталығы
Жоао Пауло – «Реалмен» болған ойын жайлы: матч басында жігіттер мықтылығын көрсетті
01.10.2025 20:11

Фото: Жоао Пауло
«Қайраттың» шабуылшысы Жоао Пауло ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Реалмен» (0:5) болған ойынды қорытындылады.
«Біздің жанкүйерлеріміз, Алматы қаласы және бүкіл Қазақстан футболы үшін бұл ерекше кеш болды. Орталық стадиондағы осы мерекенің куәсі болғандарды құттықтаймын. Сол кезде менде алаңда болғанымда ғой... Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы ойнау – әрбір футболшының арманы.
Менің ойымша, «Қайрат» матчтың басында жақсы қарсыласты – жігіттер бар күшін көрсетті. Бұл турнирдегі басқа ойындарда жеңіске жететінімізге сенімдімін», – деді бразилиялық шабуылшы.
Чемпиондар лигасының екінші турында мадридтіктер Эдуардо Камавинга, Браим Диас және Килиан Мбаппе (хет-трик) соққан голдардың арқасында «Қайратты» жеңген болатын.
37 жастағы Пауло осы көктемде алған тізе жарақатынан айығып жатыр.
Бұған дейін «Қайраттың» тағы бір бразилиялық шабуылшысы Рикардиньо Чемпиондар лигасындағы жорығы мен алдағы кипрлік «Пафосқа» қарсы ойыны туралы өз ойымен бөліскен болатын.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол