Дастан Сәтпаев: «Реалды» таңқалдыруға тырысамыз, олар бізді қорғанысқа қамалады деп ойлайтын шығар
29 қыркүйек, 19:09

Фото: Дастан Сәтпаев
«Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Qsport арнасына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының екінші турында «Реалмен» болатын матч жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
– «Спортингке» қарсы матчта сенде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Ертең «Реал» ойыншылары сізге сондай мүмкіндік бере ме?
– Иә, бәрі мүмкін. Бастысы өзімізге сеніп, ертеңгі матчта жеңіске жетуіміз керек.
– «Реал» мен «Спортинг» қорғаушылары сен үшін жұлдыз ба әлде жай ойыншылар ма?
– Барлық адамдар бірдей ғой. Иә, деңгейінің жоғары екені анық, бірақ оларға қарсы ойнауға болады.
– Ал сен жұлдызсың ба?
– Әзірге жоқ.
– Алматы халқының «Реалдың» келгеніне реакциясын байқадың ба?
– Әрине, әлеуметтік желіден бәрін байқап, көріп отырмыз. Матчқа билет алып үлгермегендер стадионның айналасындағы биік ғимараттардан орын іздеуде. Адамдардың футболға қызығып, бізді қолдап жатқаны көңіл қуантады.
– «Реалға» қарсы ойын қандай сценариймен өтуі мүмкін?
– Өте қиын болады деп ойлаймын. Өйтені, бұл мүлдем басқа деңгейдегі қарсылас. Ең бастысы, оларға қарсы тұрып, жеңіске жетуіміз керек.
– «Реалдың» қорғаныста әжептеуір мәселелері бар. «Атлетико» оларға бес гол соқты. Бұл туралы не айтасың?
– Біз «Атлетико» емеспіз. Бірақ оларға бірнеше гол соғуға тырысамыз. Олардың құрамында Чемпиондар лигасында мол тәжірибе жинаған қорғаушылар бар. Сондықтан қиын болады.
– «Реал» Алматыда өзін жайсыз сезіну үшін не істеу керек?
– Шабуылға негізделген футбол ойнауымыз қажет. Олардың таңқалатыны анық. Бізді қорғанысқа қамалады деп ойлап отырған шығар. Егер шабуылды көп ұйымдастырсақ, бәрі қолымыздан келеді.
– Жанкүйерлерге не айтасыз?
– Ертең стадионға келетін жанкүйерлердің бәріне алғыс айтқым келеді. Бастысы, бізге сеніңіздер, Құдай қаласа, барлығы жақсы болады.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы: ЧЛ-дағы тәжірибе келесі жылы көмектеседі
1Рикардиньо — «Реалға» қарсы матч жайлы: бірінші болып соғуымыз керек еді
2Турнирлік кесте













































































































