Матч орталығы
Португалиялық агент – «Қайрат» жайлы: қазақстандықтар Еуропада ойнауға дайын, олардың бұған әлеуеті
17.09.2025 10:24

Фото: Александр Мрынский
«Спортинг» қорғаушысы Эдуарду Куарежманың агенті Карлуш Гонсалвеш ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық ойыншылардың потенциалы жайлы ойымен бөлісті.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуы қазақстандықтар үшін тамаша мүмкіндік. Мұндай турнирде алаңға шығу арқылы жігіттер топ-клубтарға қарсы ойнаудың қандай екенін сезініп қана қоймай, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен келген скауттар мен менеджерлердің назарына ілігеді. Мен сіздердің ойыншыларыңыздан үлкен потенциалды байқаймын – олар Еуропада ойнауға қабілетті.
Ең бастысы, талантты ойыншылар бәсекеге қабілетті ортаның талаптарына сай болып, оған тез бейімделуі керек. Жігіттер Чемпиондар лигасының алдағы кезеңінде жақсы өнер көрсететін болса, мен олардың мықты клубтарға ауысатынына сенімдімін», – деді маман.
Гонсалвеш 23 жастағы «Спортинг» қорғаушысы Эдуарду Куарежманың агенті болып жұмыс жасайды.
Ол Чемпиондар лигасының бірінші турындағы «Қайратқа» қарсы матчта негізгі құрамнан шығады деп күтілуде. Матч қыркүйектің 18-нен 19-ына қараған түні өтеді.
Осыған дейін Карлуш Гонсалвеш «Спортинг» пен «Қайрат» кездесуі жайлы пікірімен бөліскен болатын.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол