Матч орталығы
Қазақстандық футболшы еуропалық клубтың негізгі құрамында дебют жасады
23 қараша, 08:02

Фото: Шахмұрат Дәулетов
«Йонг Генк» клубының 17 жастағы шабуылшысы Шахмұрат Дәулетов Бельгияның екінші дивизионындағы «Беерсхотқа» қарсы сырт алаңдағы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Оң қапталдағы вингер Челленджер про-лигасының 11-ші туры аясындағы чемпионат көшбасшысы «Беерсхотқа» қарсы ойында (1:5) «Йонг Генктің» негізгі құрамында алаңға шықты. Қазақстандық ойыншы үшін бұл бельгиялық клубтың негізгі құрамындағы алғашқы кездесу болды – ол 87 минут ойнап, 20-шы минутта сары қағаз алды.
Осылайша, «Генктің» қосалқы командасы турнир кестесінде 12-ші орынға түсіп қалды. Игор Де Камарго негізгі команданың бапкерлер штабына көмекші болып ауысқаннан кейін ұжым бас бапкерсіз қалған еді.
Айта кетейік, алаң иелері сапында «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Шон Райт-Филлипстің ұлы әрі «Арсеналдың» аңызға айналған шабуылшысы Иан Райттың немересі Д’Марджио Райт-Филлипс нәтижелі әрекетімен көзге түсті.
Сонымен қатар Шахмұрат Дәулетовтің командаласы черногориялық қорғаушы Милан Роганович болды. Биыл жазда «Партизанның» экс-футболшысы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қостанайлық «Тобылға» қарсы ойнаған (жалпы есеп – 1:5).
ҚПЛ клубтары «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы үшін таласқа түсті
Әлишер Аманжол