Матч орталығы

Хоккей
АҚШНХЛ
ТоронтоТоронто
0:1Аяқталды
ЭдмонтонЭдмонтон
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Tefana AsTefana As
0:4Аяқталды
ТионвильТионвиль
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
КраснодарКраснодар
17:00Бүгін
ДружбаДружба
Хоккей
РесейКХЛ
БарысБарыс
17:00Бүгін
МеталлургМеталлург
Футбол
ФранцияФранция кубогы
RiomRiom
18:00Бүгін
ФК ЛимонестФК Лимонест
Футбол
ФранцияФранция кубогы
A.S MontignyA.S Montigny
18:00Бүгін
ПонтарльеПонтарлье
Футбол
ФранцияФранция кубогы
VeronaVerona
18:00Бүгін
КалеКале
Футбол
ФранцияФранция кубогы
2 Ривес 822 Ривес 82
18:00Бүгін
ТреллисакТреллисак
Футбол
ФранцияФранция кубогы
ViolainesViolaines
18:00Бүгін
US VermellesUS Vermelles
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Tremblay FCTremblay FC
18:00Бүгін
Maisons AlfortMaisons Alfort
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Бялинге ИФБялинге ИФ
18:00Бүгін
Baume DamesBaume Dames
Футбол
ФранцияФранция кубогы
RC ChamberyRC Chambery
18:00Бүгін
НьорНьор
Футбол
ФранцияФранция кубогы
USM SenlisUSM Senlis
18:00Бүгін
Сен-ПривеСен-Приве
Футбол
ФранцияФранция кубогы
МасирахМасирах
18:00Бүгін
МонлуиМонлуи
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Yerres CrosneYerres Crosne
18:00Бүгін
КолнКолн
Футбол
ФранцияФранция кубогы
TatinghemTatinghem
18:00Бүгін
Рейсинг КФФРейсинг КФФ
Футбол
ФранцияФранция кубогы
CharlevilleCharleville
18:00Бүгін
МаркМарк
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Union RochefortoiseUnion Rochefortoise
18:00Бүгін
Juventus PapusJuventus Papus
Футбол
ФранцияФранция кубогы
МонтрейМонтрей
18:00Бүгін
Лон ПлажЛон Плаж
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Metz ESAPMetz ESAP
18:00Бүгін
РейпертсвильРейпертсвиль

Қазақстандық футболшының Еуропаға ауысуы қиынға соғуы мүмкін: толығырақ

15 қараша, 10:50

Қазақстандық футболшының Еуропаға ауысуы қиынға соғуы мүмкін: толығырақ

Фото: Дінмұхамед Тілегенов

16 жастағы қазақстандық футболшы Дінмұхамед Тілегеновтың әкесі Бауыржан Ахметов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ұлының неміс клубына қайта оралуына не кедергі болып жатқанын айтып берді.

Ойыншы туралы

«Бұл ақпаратты қазір көпшілікке неге жариялап отырмыз? Себебі Димашты жақсы танитын әрбір адам – достары, футбол жанкүйерлері, таныстары қалада кездескен сайын: «Димаш, қазір не істеп жүрсің? Германияға қашан кетесің?» – деп сұрайды. Бәріне бірдей жауап беру үшін жағдайдың нақты мәнін ашық баяндап отырмыз. Қазіргі ең басты мәселе – визаға тіреліп тұр.

Димаш (2009 жылдың желтоқсанында туған, 16 жаста) – семейлік «Елімай» мектебінің түлегі. 2023 жылы 13 жасында 115 баланың ішінен іріктеуден өтіп (екі бала ғана таңдалған), Bundes Trails жобасымен Германияға кетті. Bundes Trails тарапынан қолдау жоспарлы түрде жүріп жатыр, ұйым балаға барлық жағынан жәрдемдесуде. Кёльнде Димаш жақсы бейімделді: неміс тілін тез меңгеріп, кәдімгі неміс сыныбына ауысты, мектеп 10-сыныпты бітіруіне жағдай жасады.

Ол «Фортуна Кёльн» U-17 сапында ойнап, 2025/26 маусымында өз лигасында (B-Junioren Mittelrheinliga) 1-орын алды, қолында ресми неміс футболшы паспорты (Spielerpass) бар».

Бюрократиялық мәселелер

«Сонымен қатар Германиядағы жаттығулар кезінде Димаш жергілікті білікті мамандардың оң бағасын алды – оның табиғи қабілеті мен әлеуетін кезінде Флориан Виртцпен жұмыс істеген жеке бапкерлердің бірі де ерекше атап өткен. Әрине, алда әлі талай еңбек пен тер төгу тұр, дегенмен неміс мамандарының мұндай кәсіби бағасы баланың өсуіне жақсы негіз бар екенін көрсетеді.

13 жасында кетіп қалғандықтан, Димаш жергілікті жүйеден тыс қалды. «Астана» футбол орталығына орналасып көрмек болды, бірақ бапкерлердің шешімімен жарамай қалды. Өзіміздің Семейде «Елімай» футбол клубы да, «Семей» футзал клубы да қолдау көрсетіп, жаттығуға мүмкіндік беріп отыр, ол үшін үлкен рахмет. Бірақ Димаштың ресми футболшы паспорты (Spielerpass) қазір Германияда. Оған қоса, Германияда қазір оның 10-сыныбы жүріп жатыр – оқудан қалмай, сыныпты сәтті аяқтау үшін және футболдағы барлық мүмкіндікті пайдалану үшін виза мәселесін тездетіп шешіп, жолға шығуымыз керек.

Нәтижесінде қазір 16 жасар балаға өз елімізде ресми ойындар өткізуге мүмкіндік жоқ. Германияға қайта бару – оның жалғыз мүмкіндігі».

Неге Германия?

«Иә, ол бірден басты Бундеслигада емес, одан төменірек лигалардан бастайды. Мойындау керек: алда ауыр еңбек тұр, футболмен өмір сүріп, тер төгу қажет, бірақ Құдай қаласа, нәтиже де болады. Германия – әлемге «Бавария», дортмундтық «Боруссия», «Байер», «Шальке 04», «Айнтрахт», «Штутгарт» сияқты алыптарды сыйлаған, футбол дәстүрі өшпеген ел».

«Нақты қандай кедергіге тіреліп тұрмыз?»

«Ұлттық виза алу үшін консулдық неміс банкінен бұғатталған шот (Sperrkonto) ашуды талап etedi. Германиядан кепілдік хат рәсімдеу мәселесі қазір неміс бюрократиясымен даулы күйде тұр – құжаттарды соңына дейін өткізу қиынға соғуда.

Димаш – Семейдің қарапайым жұмысшы отбасынан шыққан бала, ата-анасында ондай қаражат жоқ. Әкесі түрлі құрылымдарға жүгініп, визалық шарттар орындалған соң шоттағы ақшаны 100% қайтарамыз деп ресми кепілдік берді. Бірақ барлық жерден қолдау таппады.

Халқымызда «Болатын баланың қолынан қақпа, қанатын қима» деген керемет аталы сөз бар. Уақыт өтіп жатыр, дегенмен Димаштың өзі еш мойымайды. Германияда жақсы бейімделіп, еуропалық футболдың ортасын сезінген соң, өзі де сол жаққа қайта барып, мықты бәсекеде бағын сынап көргісі келеді.

Димаш дәл қазір ресми қайтару кепілдігімен бұғатталған шотты ашуға қол ұшын созатын меценаттар мен демеушілердің қолдауына аса мұқтаж», – деді футболшының әкесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропадағы бюрократиялық кедергілермен «Генк» шабуылшысы Шахмұрат Дәулетов те бетпе-бет келген еді. 17 жастағы ойыншы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына қосылу үшін Бельгиядағы ресми рәсімдердің аяқталуын бір жылдан астам уақыт күтуге мәжбүр болған болатын.

Ал Дінмұхамед Тілегеновтің мәселесін ең қысқа мерзімде шешуге болады. Бұл үшін меценаттар мен демеушілердің көмегі қажет.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  15 қараша, 10:50

Қазақстандық футболшының Еуропаға ауысуы қиынға соғуы мүмкін: толығырақ

1
Ұлттық құрама  15 қараша, 08:42

«Қазақ мамандар тағайындалуы керек»: сарапшы ҚФФ-дағы молдовалықтарды қатаң сынға алды

2
Ұлттық құрама  14 қараша, 22:24

Черчесов әлде Ван 'т Схип: Қазақстан құрамасында кімнің жұмысы сәтсіз болды

3
Ұлттық құрама  14 қараша, 21:52

Қазақстан U-19 құрамасы Бельгиямен лайықты ойнағанымен, Еуро іріктеуінде есе жіберді

4
Ұлттық құрама  14 қараша, 19:37

«Бұл – бапкердің жеңілісі»: Шалекенов Қазақстан құрамасының Молдовадан ұтылуы туралы

5
Ұлттық құрама  14 қараша, 17:02

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Австрияны ойсырата жеңді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25