Матч орталығы

Футбол
ӘлемМеждународный Кубок Чемпионов
ҮндістанҮндістан
2:1Аяқталды
БутанБутан
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ЖапонияЖапония
3:2Аяқталды
БразилияБразилия
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
ЦСКАЦСКА
4:1Аяқталды
АрсеналАрсенал
Футбол
ФранцияФранция кубогы
BalagneBalagne
0:5Аяқталды
МонпельеМонпелье
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Ле ПюиЛе Пюи
4:0Аяқталды
Диаблес НоирсДиаблес Ноирс
Футбол
ФранцияФранция кубогы
ТуркуэнТуркуэн
0:1Аяқталды
РеймсРеймс
Футбол
ФранцияФранция кубогы
ВерсальВерсаль
3:2Аяқталды
РодезРодез
Футбол
ФранцияФранция кубогы
БулеБуле
2:2Пенальтиден соң
СошоСошо
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Rhone-CrussolRhone-Crussol
0:3Аяқталды
Фрежюс Сен-РафаэльФрежюс Сен-Рафаэль
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
КосовоКосово
0:0Аяқталды
ИзраильИзраиль
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Шалон-сюр-СонШалон-сюр-Сон
0:3Аяқталды
О-ЛионнеО-Лионне
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Фонтеней ЛКВФФонтеней ЛКВФ
0:5Аяқталды
КлермонКлермон
Футбол
ЕуропаЕуропа чемпионаты U19
Бельгия U19Бельгия U19
2:0Аяқталды
Қазақстан U19Қазақстан U19
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Чойси Ау БакЧойси Ау Бак
0:2Аяқталды
КанКан
Футбол
ФранцияФранция кубогы
SebastienSebastien
0:2Аяқталды
Ла Бол Ле-ПулиганЛа Бол Ле-Пулиган
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Пуаре Сюр ВиПуаре Сюр Ви
2:1Аяқталды
Усса ВертуУсса Верту
Футбол
ФранцияФранция кубогы
КруаКруа
1:2Аяқталды
ТаонТаон
Футбол
ФранцияФранция кубогы
Pont Cheruy SoPont Cheruy So
1:5Аяқталды
Бур-ан-БрессБур-ан-Бресс
Футбол
ФранцияФранция кубогы
TinteniacTinteniac
1:3Аяқталды
КонкарноКонкарно
Футбол
ФранцияФранция кубогы
FirminyFirminy
1:1Пенальтиден соң
АнсиАнси

Черчесов әлде Ван 'т Схип: Қазақстан құрамасында кімнің жұмысы сәтсіз болды

14 қараша, 22:24

Черчесов әлде Ван 'т Схип: Қазақстан құрамасында кімнің жұмысы сәтсіз болды

Фото: Станислав Черчесов және Джон ван ‘т Схип

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасымен алты матч өткізсе, Джон ван 'т Схип – бес матч өткізді. Екеуі де бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. Бірақ оларды тек нәтижеге қарап қана салыстыруға болмайды: бапкерлер әртүрлі дивизиондарда, әртүрлі деңгейдегі қарсыластарға қарсы және әртүрлі құраммен жұмыс істеді. ASnews.kz екі бапкердің жұмысын толыққанды талдап шықты.

Қарсыластардағы айырмашылық

Черчесов құраманы Ұлттар лигасының B дивизионында қабылдап алды – Қазақстан бұл деңгейге бұрынғы маусымда жеңіске жетіп, өзі көтерілген болатын. Топта Австрия, Норвегия және Словения ойнады.

Турнир басталған сәтте, яғни 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан ФИФА рейтингінде 109-орында тұрды. Австрия – 22-ші, Норвегия – 47-ші, ал Словения 51-орынды иеленді. Яғни, рейтинг бойынша ең жақын қарсыластың өзімен арадағы айырмашылық шамамен 60 позицияны құрады, ал ең мықтысымен 87 позицияға жетті. Бұл топта Қазақстаннан төмен тұрған бірде-бір команда болған жоқ.

Бұл – баға беру үшін өте маңызды фактор. Норвегия сапында «Манчестер Сити» мен «Арсенал» деңгейіндегі ойыншылар Холанд пен Эдегор болды. Австрия бұдан бір жыл бұрын Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында бірінші орын алған еді. Словения сол Еуропа чемпионатында топтық кезеңнен сүрінбей өтті. Ірі турнирлерде мүлдем ойнамаған құрама үшін мұндай топ – ұпай үшін таласу емес, өз мүмкіндігінің шегін тексеру алаңы еді.

Ал Ван 'т Схиптің жағдайы мүлде басқаша. Қазақстан төмен түскеннен кейін C дивизионындағы топ құрамы түбегейлі өзгерді: Словакия, Фарер аралдары, Молдова.

2026 жылдың қазан айындағы ФИФА рейтингі бойынша Қазақстан 117-орында. Словакия шынымен де жоғары – 45-ші. Бірақ Фарер аралдары 126-шы, ал Молдова 158-орында келеді. Үш қарсыластың екеуі Қазақстаннан төмен тұр, әсіресе Молдова 41 сатыға кейін қалып жатыр.

Құрама осы екі командаға қарсы төрт матч өткізіп, бар-жоғы екі-ақ ұпай жинады: Фарер аралдарымен 1:1 және 2:2, Молдовадан 1:2 және 1:2 есебімен ұтылды. Екі жеңіліс те рейтингте өзінен қырық саты төмен тұрған командадан келді.

Алаңда не болды?

Черчесовтің көрсеткіші – бір тең ойын, бес жеңіліс және 0:15 гол айырмасы. Команда бірінші матчында Астанада бірден Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, жалғыз ұпайын еншіледі. Одан кейін Словениядан 0:3, Австриядан 0:4, Словениядан 0:1, Австриядан 0:2 және Норвегиядан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.

Мәселе жеңілістерде емес, олардың сипатында еді. Құрама бүкіл турнир бойы бірде-бір гол соға алмады: алты матч, 540 минут, нөл гол. Қазақстанның Ұлттар лигасындағы тарихында мұндай сәтсіз серия болмаған е.

Ван 'т Схиптің көрсеткіші – екі тең ойын, үш жеңіліс, доп айырмасы 6:9. Команда гол соға бастады, бұл айқын жақсарудың белгісі: голландиялық маман ресейлік әріптесінің тұсындағы нөлдік көрсеткішке қарағанда, әр матчта орта есеппен бір голдан артық соғып жатыр.

Бірақ кімдердің гол соққанына назар аударсақ, көрініс өзгереді. Алты голдың төртеуін орталық қорғаушылар соқты: Нұралы Әліп екі рет, Темірлан Ерланов пен Сергей Малый бір-бір реттен көзге түсті. Шабуыл шебінен тек Рамазан Кәрімов пен Ислам Чесноков қана бір-бір голдан соқты. Басты пас беруші ретінде екі нәтижелі паспен Бауыржан Исламхан танылды.

Яғни, голдар позициялық шабуылдан емес, көбіне стандартты жағдайлардан соғылып жатыр. Шабуыл шебі C дивизионындағы бес матчында екі-ақ гол шығарды. Оның ішінде тек словактармен өткен ойындағы Кәрімовтің голы ғана комбинациялық ойынның нәтижесі болса, Ислам Чесноковтың Молдова қақпасына соққан добы – жеке шеберліктің көрінісі ғана.

Турнир кестесінде Қазақстан соңғы орында: Словакия – 10 ұпай, Молдова – 7, Фарер аралдары – 4, Қазақстан – 2. Жоғары дивизионға шығу мүмкіндігі мәреге бір тур қалғанда мерзімінен бұрын жоғалды.

Құрам: бапкерлер кіммен жұмыс істеді?

Черчесов алты матчта 29 футболшыны алаңға шығарса, ван 'т Схип бес матчта 30 ойыншыны сынақтан өткізді. Екеуі де тұрақты негізгі құрамды таба алмады, бұл екі кезеңге да тән ортақ сипат.

Екі кезеңнен де өткен 16 ойыншы бар: Әліп, Вороговский, Покатилов, Исламхан, Қасым, Самородов, Оразов, Шушеначев, Малый, Э. Астанов, Чесноков, Тапалов, Жақсылыков, Әбікен, Кенжебек, Кәрімов. Бұлар – соңғы екі жылдағы құраманың нақты тірегі.

Ван 'т Схип құрамды едәуір жаңартты. Оның тұсында Дінмұхамед Қараман, Темірлан Ерланов, Александр Мрынский, Наурызбек Жагоров, Жасұлан Әмір, Исмаил Бекболат, Станислав Басманов, Арсен Әширбек, Азамат Тұякбаев дебют жасады немесе қайта оралды. Құрамадағы буын алмасу қажет болатын, бұл тұрғыдан голландиялық бапкерге айтар өкпе жоқ – керісінше, ол құрамаға ауадай қажет қадамды жасады.

Сонымен қатар, Черчесов заманындағы ойыншылардың құрамнан неліктен жоғалып кеткенін түсіну маңызды. Бұл тек бапкерлердің шешімі ғана емес.

Асхат Тағыберген 2025 жылдың маусымында құрамадағы мансабын аяқтады. Команда капитаны, ұлттық құрама сапында 63 матч өткізіп, үш гол соққан ол жастарға орын беру үшін Солтүстік Македониядан үй матчында ұтылғаннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Құраманың көшбасшысы әрі үздік сұрмергені Бахтиер Зайнутдинов 2025 жылдың қазан айынан бері жарақатына байланысты ойнай алмай жүр. Ол соңғы матчтарға дейін де сауығып үлгермеді.

Абат Аймбетов соңғы бір жылда румыниялық «Петролул» мен «Актобе» сапында барлығы 16 матчқа қатысты. Әзірге оңтайлы бабына келе қойған жоқ.

Асхат Тагыберген

Жеке бір тақырып – Дастан Сәтпаев. Қазақстан футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы тамыз айында-ақ ван 'т Схиптің кеңейтілген тізіміне іліккенімен, бір минут та ойнаған жоқ. Қыркүйек айында ол «Бернлиде» ойнап жүріп жамбасынан жарақат алып, Ұлттар лигасының бастапқы матчтарын жіберіп алды, ал 28 қазанда қайта МРТ өткеннен кейін үш тараптың медициналық штабы тәуекелге бармауды шешті. Сәтпаев бүткіл турнирді өткізіп алды.

Яғни, ван 'т Схип бұл кезеңді өз шабуылының басты жұлдызысыз және құраманың үздік сұрмергенісіз өткізді. Бұл факторларды голландиялық маманның сәтсіздігіне себеп ретінде атауға болады, бірақ мәселе тек көшбасшылардың жоқтығында ғана деу қиын. Себебі Ислам Чесноков пен Максим Самородов сапта болса да, құраманың нақты шабуыл ойыны көрінбеді.

Қорытынды

Егер тек ұпайларды санасақ, голландиялық бапкердің көрсеткіші тәуір көрінеді: бір емес, екі тең ойын, голдардың болуы (құрғақ жеңілістер емес).

Алайда, контекстті ескерсек – Черчесов әр қарсыласы Қазақстаннан деңгейі бойынша анық басым түсетін топта ойнады. Ал Ван 'т Схип екі қарсыласы рейтингте Қазақстаннан төмен тұрған топта ұтылып, дәл солармен өткен ойындарда ұпай жоғалтты.

Екеуінің де өз ақталар себептері бар. Черчесовтің айтары – бәсекеге қабілетсіз болып келетін жоғары дивизион. Ван 'т Схиптікі – Сәтпаев пен Зайнутдиновтің жоқтығы және турнир барысында құрамды қайта құру жұмыстары.

Бірақ таблодағы нәтиже бірдей: он бір матчта екі бапкердің еншісінде бір де бір жеңіс жоқ. Черчесов команданы B дивизионынан түсіріп жіберсе, Ван 'т Схип жарты жыл ішінде құраманы бұрынғы орнына қайтара алмады – Қазақстан әлі де Еуропаның үшінші күш дивизионында қалып отыр және ФИФА рейтингінде алғашқы жүздіктен тыс тұр.

Еске салайық, Черчесов Қазақстан құрамасынан 2025 жылдың қаңтарында кеткен болатын. Ван 'т Схип команданы 2026 жылдың жазында басқарды, ал БАҚ мәліметінше, оның келісімшарты алты матчқа есептелген – оны ұзарту Ұлттар лигасындағы нәтижеге байланысты болған еді. Құрама топтық кезеңдегі соңғы матчын Словакияға қарсы өткізеді.

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  14 қараша, 22:24

Черчесов әлде Ван 'т Схип: Қазақстан құрамасында кімнің жұмысы сәтсіз болды

1
Ұлттық құрама  14 қараша, 21:52

Қазақстан U-19 құрамасы Бельгиямен лайықты ойнағанымен, Еуро іріктеуінде есе жіберді

2
Ұлттық құрама  14 қараша, 19:37

«Бұл – бапкердің жеңілісі»: Шалекенов Қазақстан құрамасының Молдовадан ұтылуы туралы

3
Ұлттық құрама  14 қараша, 17:02

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Австрияны ойсырата жеңді

4
Ұлттық құрама  14 қараша, 15:36

Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы: футболшылар Ван ’т Схипке бойкот жариялады

5
Ұлттық құрама  14 қараша, 14:31

Ұлан Қонысбаев: рейтингте бізден 40 саты төмен тұрған елдің азаматы бізге футбол үйретіп жатыр

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25