Матч орталығы
Қазақстандық футболшы Ла Лигада «Леванте» сапында дебют жасауы мүмкін
8 қазан, 19:52

Фото: Алдияр Нұрғали
18 жастағы қазақстандық вингер Алдияр Нұрғалидің испаниялық «Левантенің» бас командасы сапында дебют жасауға мүмкіндігі бар. Бірінші құрамға жолды бапкерлер штабының кадр саясаты ашып отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Беделді Marca басылымының жазуынша, қаржылық қиындықтарға байланысты валенсиялықтардың тәлімгері Луис Кастро ойыншылардың жасына қарамастан, амалсыздан академия түлектеріне сенім артуда. Жақын арада негізгі құраммен жаттығуға 14 жастағы орталық қорғаушы Диего Мояно шақырылды. Бұған дейін бас командада 15 жастағы Марк Сантос та дебют жасап үлгерген болатын.
Қазіргі уақытта Нұрғали «Атлетико Леванте» (U-23) қосалқы командасының сапында өнер көрсетеді. Бұған дейін қазақстандық футболшы ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында клуб басшылығы дубльде тұрақты ойнаған жағдайда оны бірінші командаға қосуға уәде бергенін айтқан еді.
«Левантенің» негізгі құрамындағы қазіргі кадр тапшылығын және бапкердің жас футболшыларға тәуекел етіп сенім артуға дайын екенін ескерсек, қазақстандық шабуылшы ересектер командасына шақырту алуға бір табан жақын тұр.
Балық зауытының жұмысшысы мен фитнес-бапкер: Қазақстан кімнен ұтылуға жақын болды?
Ахмет Ержанов