Матч орталығы
«Бернли»—«Мидлсбро»: Дастан Сәтпаевтің Чемпионшиптегі келесі матчы қайда және қашан өтеді
1 қыркүйек, 08:22

Фото: Дастан Сәтпаев
Англия Чемпионшипінің төртінші туры аясында 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» өз алаңы «Тёрф Мурда» «Мидлсбро» клубын қабылдайды.
Кездесу кыркүйектің 2-сінен 3-іне қараған түні өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де (жергілікті уақытпен 20:00-де) басталады, деп хабарлайды ASnews.kz.
18 жастағы қазақстандық шабуылшы англиялық «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Сәтпаевтің Чемпионшиптегі дебюті екінші турда «Вест Бромвичке» (1:3) қарсы кездесуде өтіп, ол екінші таймда алаңға ауысып шықты. Шабуылшының негізгі құрамдағы алғашқы ойыны Лига кубогындағы «Брэдфорд Ситиге» (0:0, пен. 2:4) қарсы матчқа тұс келді, онда ол ойынның басым бөлігін алаңда өткізіп, қанатта белсенділігімен көзге түсті.
Ал үшінші турда «Норвичке» (1:4) қарсы кездесуде Сәтпаев толық 90 минут бойы өнер көрсетті. Flashscore сараптамалық порталының нұсқасы бойынша қазақстандық футболшы 7.5 деген бағамен «Бернли» сапындағы ең үздік ойыншы атанды – ол қарсылас қақпасына үш соққы бағыттап, төрт сәтті алдап өту жасады және үш суырып шығарар (шешуші) пас берді.
«Команданың үздігі»: Burnley Express сарапшысы – Дастан Сәтпаевтың Англиядағы феномені туралы
Әлім Динасылов