«Тоттенхэм» аз құрамда Сәтпаев ойнаған «Челсиді» жеңді
1 тамыз, 16:38

Фото: Дастан Сәтпаев
Сиднейдегі Accor Stadium стадионында өткен жолдастық кездесуде «Тоттенхэм» он ойыншымен ойнап-ақ «Челсиді» 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев алаңға 70-минутта Эстеваоның орнына шықты.
Екінші таймның басында (49') «шпорлардың» қорғаушысы Кевин Дансо қызыл қағаз алып, өз командасын қиын жағдайда қалдырды. Ол сәтте 1:1 тең есеп сақталып тұрған еді (Эстевао мен Сандро Тонали көзге түсті).
Алайда «Челси» сан басымдығын пайдалана алмады. Керісінше, 90+2-минутта «Тоттенхэм» шабуылшысы Ришарлисон жеңіс голын соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Азия-Аустралия турнесі аясындағы келесі кездесуін Хаби Алонсо шәкірттері 5 тамызда Гонконгта туриндік «Ювентуске» қарсы өткізеді.
Дастан Сәтпаев: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. «Челси» сапындағы алғашқы голы
Әлім Динасылов