Сәтпаев «Челсидің» «Тоттенхэмге» қарсы матчында қосалқы құрамда қалды
1 тамыз, 13:42

Фото: Дастан Сәтпаев
17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық кездесуді қосалқы құрамда бастайды.
Кездесу лондондық клубтың маусымалды турнесі аясында Австралияда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады.
«Челсидің» бастапқы құрамы: Шарман-Лоу, Палестра, Колвилл, Фофана, Хато, Эссугу, Лавия, Эстевао, Палмер, Гиттенс, Жоао Педро.
Қосалқы құрам: Керд, Субулое, Тосин, Сарр, Ансельмино, Эменало, Ачеампонг, Уолш, Уотсон, Николл-Джазули, Сәтпаев, Келлиман, Кавума-Маккуин, Делап.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы бақылау матчында Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шығып, кездесудің 6-минутында-ақ «көктер» сапындағы өзінің алғашқы голын соққан болатын.
Әлім Динасылов