Матч орталығы

Қазақстандық шабуылшы Испанияда гол соқты: Ла Лигада дебют жасауы мүмкін

1 тамыз, 11:22

Қазақстандық шабуылшы Испанияда гол соқты: Ла Лигада дебют жасауы мүмкін

Фото: Алдияр Нұрғали

Испаниялық «Атлетико Леванте» клубының 18 жастағы вингері Алдияр Нұрғали «Асероға» қарсы жолдастық кездесуде бой көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz.

Қапталдағы шабуылшы Испанияның бесінші дивизионының өкілі «Асероға» қарсы бақылау матчында 45 минут өнер көрсетті. Қарсылас қақпасын дәл көздеген қазақстандық «Левантенің» резервтік командасына сенімді жеңіске (2:0) жетуге көмектесті.

Еске сала кетейік, алдағы маусым Алдияр Нұрғали үшін U-23 баламасы саналатын «Атлетико Леванте» сапындағы алғашқы маусым болмақ. 2025 жылдың желтоқсанында Астана тумасы Ла Лига клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған еді.

Егер вингер алдағы ойындарда нәтижелі өнер көрсетсе, негізгі команданың жаттығуларына шақырылуы мүмкін:

«Басшылық егер өзімді жақсы жағынан көрсете алсам, ересектер командасымен бірге жаттығуларға тартатынына уәде берді», – деген еді Нұрғали ASnews.kz басылымына берген сұхбатында.

Өткен маусымда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының футболшысы «Леванте» U-19 сапында сегіз гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түсті.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  31 қазан, 14:41

«Туған күніме ең жақсы сыйлық»: Сәтпаевтың жаңа бапкері «Бернлидегі» дебюттік матчы туралы

1
ҚПЛ  31 қазан, 11:34

«Бұл – ҚПЛ-дың алтын ғасыры»: Бьорн Йонсен қазақстандық футболдың болашағы туралы

2
ҚПЛ  31 қазан, 09:34

«Маусымды әдемі аяқтағым келген»: «Атырау» неліктен легионермен аяқастынан қоштасты?

3
ҚПЛ  30 қазан, 22:22

Леонид Слуцкий қазақстандық клубтарға ұсынылды

4
ҚПЛ  30 қазан, 20:41

«Қызайбаев сөзіне абай болуы керек»: эксперт «Ордабасы» басшысын ақтөбеліктер туралы айтқан сөзі үшін сынға алды

5
ҚПЛ  30 қазан, 20:30

«Оқжетпестің» қаһарманы және «жарақаттана беретін» «Ақтөбе» қорғаушысы: ҚПЛ-дың ең бағаланбағай қалған ойыншылары

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25