«МЮ»-дың бұрынғы ойыншысы Сәтпаевтың трансфері туралы: Дастанды жарқын мансап күтіп тұр

28 шілде, 19:55

«МЮ»-дың бұрынғы ойыншысы Сәтпаевтың трансфері туралы: Дастанды жарқын мансап күтіп тұр

Фото: Хеннинг Берг

Кипрлік «Омонияның» бас бапкері Хеннинг Берг Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы қарымта матч алдында ASnews.kz-ке берген сұхбатында алматылықтардың 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челсиге» ауысуы туралы ойын бөлісті.

«Бұл оңай емес. Сіздердің ойыншыларыңыз – зор әлеуеті бар шабуылшы. Әрине, оған бейімделу кезеңі үшін уақыт қажет болады, бірақ оның әлеуеті шынымен өте жоғары. «Челсидің» негізгі командасының деңгейі – мүлдем бөлек. Егер ол аз да болса ойын уақытын алып, онда ойнап кете алса, оның тамаша мансабы болады. Мұндай клубтан орын алу үшін орасан зор күш-жігер жұмсау керек. Оны жарқын мансап күтіп тұр деп үміттенемін», – деді Берг.

Хеннинг Берг – Ағылшын премьер-лигасының аңызы және АПЛ-ды екі түрлі клуб сапында ұтып алған сирек футболшылардың бірі: «Блэкберн Роверс» (1994/95) және «Манчестер Юнайтед» (1998/99, 1999/00).

1999 жылы норвегиялық футболшы «МЮ» сапында тарихи требл жасады – Чемпиондар лигасын, АПЛ-ды және Англия кубогын жеңіп алды. Кейін ол «Блэкбернмен» бірге 2002 жылғы Англия лига кубогын иеленді, ал ойыншылық мансабын шотландиялық «Рейнджерсте» аяқтады.

«Қайрат» пен «Омония» арасындағы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч ертең, 29 шілдеде сағат 20:00-де Алматы уақытымен өтеді. Никосиядағы алғашқы кездесу кипрлік клубтың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған болатын.

«Ерекше ойыншы»: Алонсо Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы туралы

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 20:37

«Қайраттың» ЧЛ-дағы тәжірибесі – жеңістің кепілі емес»: «Омония» бапкері – Алматыдағы қарсы қарымта матч туралы

Бүгін, 18:20

«Ерекше ойыншы»: Алонсо Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы туралы

Бүгін, 16:51

Дастан Сәтпаев: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. «Челси» сапындағы алғашқы голы

Бүгін, 16:29

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік матчынан фоторепортаж және соққан голының видеосы

Бүгін, 14:54

Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамы сапындағы алғашқы голын соқты: видео

Бүгін, 13:33

Сәтпаев бастапқы құрамда: Алонсо «Вестерн Сидней Уондерерспен» өтетін матчқа «Челсидің» құрамын жариялады

Басты жаңалықтар

Еурокубоктар  28 шілде, 20:37

«Қайраттың» ЧЛ-дағы тәжірибесі – жеңістің кепілі емес»: «Омония» бапкері – Алматыдағы қарсы қарымта матч туралы

1
Халықаралық футбол  28 шілде, 19:55

«МЮ»-дың бұрынғы ойыншысы Сәтпаевтың трансфері туралы: Дастанды жарқын мансап күтіп тұр

2
Халықаралық футбол  28 шілде, 18:20

«Ерекше ойыншы»: Алонсо Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы туралы

3
Халықаралық футбол  28 шілде, 16:51

Дастан Сәтпаев: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. «Челси» сапындағы алғашқы голы

4
Халықаралық футбол  28 шілде, 16:29

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік матчынан фоторепортаж және соққан голының видеосы

5
Халықаралық футбол  28 шілде, 14:54

Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамы сапындағы алғашқы голын соқты: видео

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ҚайратҚайрат
20
13
6
1
25
45
2
ОрдабасыОрдабасы
19
13
4
2
19
43
3
АстанаАстана
18
9
5
4
9
32
4
АқтөбеАқтөбе
19
9
4
6
7
31
5
ОқжетпесОқжетпес
19
8
6
5
-1
30
6
ЕлімайЕлімай
18
7
6
5
3
27
7
ҰлытауҰлытау
19
7
6
6
-2
27
8
ТобылТобыл
19
6
4
9
-5
22
9
ЖеңісЖеңіс
19
5
7
7
-6
22
10
КаспийКаспий
19
6
3
10
-6
21
11
ҚайсарҚайсар
20
3
11
6
-7
20
12
ҚызылжарҚызылжар
19
5
4
10
-7
19
13
АтырауАтырау
18
3
9
6
-4
18
14
ЖетісуЖетісу
19
4
6
9
-7
18
15
АлтайАлтай
19
3
7
9
-11
16
16
ЕртісЕртіс
18
2
8
8
-7
14