Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік матчынан фоторепортаж және соққан голының видеосы
28 шілде, 16:29

Фото: Дастан Сәтпаев
17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсидің» негізгі құрамындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық футболшы аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде бастапқы құрамда алаңға шығып, матчтың 6-минутында-ақ «көктер» сапындағы алғашқы голын соқты. Ал 38-минутта Сәтпаев гол алдындағы нәтижелі пасты өз есебіне жазды.
Сәтпаевтың кездесуден түсірілген фотосуреттері төменде ұсынылған.





Дастан кездесудің 63-минутында алмастырылды. Лондондықтар 6:4 есебімен жолдастық кездесуде жеңіске жетті.
Сәтпаевтың голының видеосын осы жерден көріңіздер
Еске сала кетейік, Сәтпаев қазіргі уақытта Аустралиядағы маусымалды турне аясында «Челсидің» қарамағында жаттығып жүр.
«Реалдың» бұрынғы ойыншысының агенті Еуропадағы жас қазақстандық туралы: ол жаңа клубында дамиды
Әлім Динасылов