Матч орталығы
Қазақстандық журналист – «Шахтер» жайлы: олар футболшыларды өз жобасымен қызықтыруда
3 шілде, 17:47

Фото: Шахтер ФК
Қазақстандық спорт журналисі және футбол инсайдері Эльдар Аманбаев «Шахтер» клубының осы маусымда жасап жатқан жұмысына тоқталды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Шахтер» өз академиясын салып жатыр, Турлов келді, медиасын дамытып жатыр. Ол жақтың өзінде 7-8 адам жұмыс жасайды. Мұндай тіпті кейбір ҚПЛ клубтарында жоқ.
«Шахтер» осы жазда екі трансфер жасап үлгерді: Ульшин мен Скворцов. Екеуі де ұлттық құрамада ойнаған футболшылар, екеуіне де екі жарым жылдық келісімшарт пен жақсы жалақы ұсынды. Александр Марочкинге ұсыныс жасады, бірақ оны «Тобыл» жібермей қойды. Артем Литоштың жанына бір шабуылшы керек деп Алияр Мұхамедке ұсыныс жасады.
«Шахтер» бұл футболшыларды өздерінің жобасымен қызықтыруда. Қазір бірінші лигада ойнап жатқан шығар, келесі жылы ҚПЛ-да ойнайды. Жаңа стадиондары да дайын болып қалады. Академиясы да дайын, фан-базасы, ақшасы мен стратегиясы да бар. Осындай командалар бірінші лиганы қызықты етіп тұр. «Шахтер» мен «Тұранды» алып тастаса, бірінші лиганы ешкім көрмейді», – деді Аманбаев «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.
Қарағандылық клуб 11 турдан кейін 28 ұпаймен екінші орында келе жатыр. Көш басында «Қайраттың» жастары келе жатқанымен, олар ҚПЛ-ға шыға алмайды.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров