Покатиловтың клубы «Қарабақты» жүлдесіз қалдыруы мүмкін: сарапшы сенсацияны талдады
2 сәуір, 08:14
Фото: Стас Покатилов
Әзербайжандық CBC Sport телеарнасының журналисі Сүлеймен Велиев ASnews.kz порталына берген сұхбатында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін бакулік «Сабах» клубының «алтын дубль» жасау мүмкіндігін бағамдады.
Сарапшының пікірінше, «Сабахтың» қазіргі тамаша бабы мен басты бәсекелесінің күтпеген жерден сүрінуі бакуліктердің қос олжаға қол жеткізуіне тамаша жағдай жасап отыр:
«Кубокқа келетін болсақ, «Сабахтың» қазіргі формасын ескерсек, олардың «Қарабақты» қапы қалдырып, ол жақта да титул алуға толық мүмкіндігі бар. Бірақ Гурбан Гурбановтың командасы бұған жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін, тіпті одан да көп күш салатынына күмән жоқ. Бір маусымда екі титулды да «Сабахқа» беріп қою «Қарабақ» үшін өте ауыр соққы болады. Оның үстіне, тағы бір маңызды жайт: Кубок жеңімпазы Конференция лигасына емес, Еуропа лигасына жолдама алады».
Сонымен қатар, Велиев чемпионаттағы Покатилов командасының сенімді көшбасшылығы немен байланысты екенін түсіндіріп, қазіргі чемпионның сенсациялық түрде ұпай жоғалтуына тоқталды:
«Қарабақтың» аутсайдер саналатын «Кяпаздан» жеңілуі – өте үлкен сенсация. «Кяпазды«» бұл істі маусым барысында екінші рет қайталай алуы таңғаларлық жағдай. Бізде тіпті «осы маусымда «Қарабақт» екі рет жеңген екі ғана команда бар: «Кяпаз» және ағылшындық «Ньюкасл» деп қалжыңдап жатады.
«Қарабақтың» басты проблемасы – чемпионаттағы қарапайым матчтарға дұрыс көңіл-күймен шықпауы және тығыз қорғанысты («автобусты») бұзып өте алмауында жатыр. Еурокубоктарда команда ашық футбол ойнауға үйреніп қалды, ал бұл оларды тұйық қорғанысқа қарсы бірінші нөмірмен ойнау дағдысынан айырып жібергендей. Нәтижесінде олар көп ұпай жоғалтты», – деді Велиев.
Әзербайжан премьер-лигасының 25-турында «Сабах» өз алаңында «Сумгайытты» 3:1 есебімен сенімді ұтып, көшбасшылық орнын нығайтты.
Олардың алтынға таластағы басты бәсекелесі – агдамдық «Қарабақ» сырт алаңда «Кяпаздан» сенсациялық түрде ұтылып қалды (0:1).
Қазіргі таңда Стас Покатиловтың клубы 62 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Олар «Қарабақтан» 10 ұпайға озып кетті (агдамдықтардың еншісінде бір ойын бар).
3 сәуір күні «Қарабақ» Әзербайжан Кубогының жартылай финалының алғашқы матчы аясында өз алаңында «Сабахты» қабылдайды. Қарымта ойын 22 сәуірге жоспарланған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Әлемдегі кез келген команданы жаттықтыра алады»: Қырғызстан шабуылшысы «Ақтөбе» жаттықтырушысына тәнті болды
1Покатиловтың клубы «Қарабақты» жүлдесіз қалдыруы мүмкін: сарапшы сенсацияны талдады
2Турнирлік кесте
Астана
Ордабасы
Оқжетпес
Қайрат
Елімай
Қызылжар
Ұлытау
Ертіс
Атырау
Ақтөбе
Алтай
Жеңіс
Қайсар
Жетісу
Каспий
Тобыл
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов